• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2018

Ұлағатты өмір

337 рет
көрсетілді

«Алдынан үлгі таппаған – іні қараң, артына үміт артпаған – аға қараң» деген екен дарабоз жазушы Әбіш Кекілбай. Еңбек жолымызда кездесіп, жүздесіп жататын талай замандас, жолдастардың ішінен өзің үлгі тұтып, тағылым алар, жан-жүрегіне иман ұялаған адаммен басың тоғысып жатса, бағыңның жанғаны дей бер. Мен сондай азаматтар қатарына көркем мінезді, ініге аға бола білген, мемлекеттік статистика органдарының ардагері, атыраулық әріптес ағамыз Аманқос Төлеуовті қосар едім.

Тарихы 1920 жылғы 8 қа­рашадан бастау алатын елі­міз­дің мемлекеттік статистика жүйесі үкімет үшін де, қоғам үшін де маңызды. Статистика қажетті мәліметтермен қам­та­масыз етіп, белгілі бір көр­сет­кіштердің айнасы болып қана қоймай, шешім шығару үшін де маңызды рөл атқарады. 2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистиканың дамуы мен жетілуіне елеулі үлес қо­сып келе жатқан «Ұлттық эко­номика министрлігі Ста­тистика комитетінің Ақпа­ратық-есептеу орталығы» шаруашылық жүр­гізу құ­қығындағы респуб­ли­калық мемлекеттік кәсіпор­ны­ның құрылғанына 20 жыл тол­ды. Аманқос Төлеуұлы ең­бек жолының соңғы 15-16 жылын осы салаға, оның ішінде «Ақпаратық-есептеу орталығы» кәсіпорнына ар­наған адам. Аманқос ағамыз Атырау облысы, Махамбет ауданының Махамбет селосында 1947 жы­лы 29 желтоқсанда дүниеге келген. 1967 жылы Орал ауыл­шаруашылық техникумын бухгалтер мамандығы бойын­ша тәмамдаған Әбекең Махамбет, Новобогат аудан­дарында тұрмыстық қам­ту және ком­му­налдық ша­руашылық сала­ларындағы кәсіпорындарда бастапқыда мамандығы бойынша есеп­ші, соңынан директор болып еңбек етті. Өн­ді­рістен қол үзбей жүріп, 1982 жылы Ба­тыс Қазақстан ауыл­­­ша­­руа­шылық институ­тын­­­да білі­мін жетілдіріп, эко­но­мист-ұйымдастырушы ма­ман­дығын алып шықты. 1990 жылы Атырау қаласына қоныс аударып, жөндеу-құрылыс саласындағы кә­сіп­орындарда бас­шылық қыз­меттерін жал­ғастырды. Мамандығы және басшылық қызметі бойынша мол тә­жірибесі бар маман 2000 жылғы қыркүйек айын­да статистика органдарына жұмысқа шақырылды. Үкі­мет қаулысымен 1999 жыл­дың соңында құрылған «Ақпа­ратық-есептеу ор­та­лығы» шаруа­шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Аты­рау облыстық ен­шілес мем­лекеттік кәсіп­ор­ны­ның ди­рек­торы болып та­ғайын­дал­­­ды. Облыстық статистика басқармасы құрамынан бөлініп, құрылған еншілес кә­сіп­орынның жағдайы алғаш­қы жылдары онша мәз емес еді. Бастапқы кезде кәсіпорын қызметкерлерінің саны – 7, олардың орташа айлық жала­қылары 10-11 мың теңге болатын. Бюджетке уақтылы төлен­беген салықтар, кәсіп­орынға атқарылған қызметтер үшін түрлі мекемелердің қай­тарылмаған қарыздары сияқ­ты қаржылай қиындық көп болатын. Аманқос Төлеуұлы осы қиындықтарды білікті басшы, білгір маман ретін­де табандылығымен, еңбек­қорлығымен жеңе білді. 2002 жылдардан бастап кәсіпорын жұмысында алға жылжу бас­талды. 2005-2012 жылдары қыз­меткерлер саны 40-45 адамға жетті, олардың орташа айлық жалақылары 100 мың теңгеден асты. Қыз­меткерлерге жүйелі түр­де тоқсан сайын, мерекелер сайын сыйақы беру жолға қойылды. Мекеменің жылдық табысы ұлғайып, 35-40 миллион теңге жетті. Ғимаратына күрделі жөн­деу жасалды, осы заманғы компьютерлік техникалар сатып алынды, қызмет­кер­лердің жұмыс орындары, жағдайлары жақсарды. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы артты.

2003-2011 жылдары «Ақ­параттық-есептеу орта­лы­ғы» РМК-ның Қызылорда облыс­тық еншілес мемлекеттік кәсіп­орнының директоры қызметін атқар­ған, бүгінгі күнге дейін аға­мен жолдастық байланысын үзбеген қызыл­ордалық әріптес інісі Ондаш Машенбаев Әбе­кеңді ақылшы аға ретінде, өз сала­сында тә­жірибе жинақтаған білікті маман ретінде, достыққа бе­рік азамат ретінде мойындаймыз. Сол үшін де жүрегіне иман ұялаған ағамызды ай­рықша құрмет тұтамыз, жү­ріс-тұры­сынан тағылым ала­мыз, дейді.

Әр адамның қадірі өз ұжы­мында аңғарылады ғой. Ұзақ жыл осы кәсіпорында бас­шылықта болған Әбекең облыс­тың статистика саласы қыз­меткерлері, сондай-ақ респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорын басшылығы, рес­публиканың 16 аймақтары еншілес кәсіпорын директорлары арасында ең сый­лы адам, үлкен бедел иесі болды.

Жалпы, алдыңғы тол­қында келе жатқан ағала­ры­мызды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – бүгінгі заманның болмысын, оның жақсысы мен жаманын айы­ра алатын дәрежеге жетіп, осы заманның көзі ашық адамына айналып үлгергендер. Мұндай жандармен кездес­кен немесе хабарласқан сайын ма­ғыналы әңгіме естіп, жаның тазарып, марқайып қаласың. Екіншісі – баяғы кеңестік санадан, қала берді рулық, жеке мүдделік санадан арыла алмай, ой-пікір­лері үнемі сол тө­ңіректен шы­ғатындар. Бұл топтағы ағала­рымызды көрген, кездескен сайын, олардың мәні жоқ әңгімелерінен мезі болып, құтылғанша асығасың. Әбе­кеңді, әрине бірінші топқа жатқызамыз.

Сабырлы мінез танытатын, кейінгілерге айтар сөзі, атқарған ісі бар ар­дагер аға зейнеткерлікке шық­қаннан кейін де бұрынғы әріптестерімен тығыз байланыста. Ол облыс өміріндегі аға буын өкілдері үшін ұйым­дастырылып тұ­ра­тын түрлі мағыналы іс-шаралардан да тыс қалмайды.

Басқа түскен қиындық, қай­ғымен күресе білу де, оны жеңе білу де адамның бір қасиеті. Осыдан 5-6 жыл бұрын Аманқос Төлеуұлының денсаулығы сыр берді, Астана қаласында жүрегіне ота жасатты. Бір жылдан соң өмірлік жары Ғалия жең­геміз дүниеден озды. Аға­мыз қиналды, қайғырды, бі­рақ қайғының соңында кету аза­матқа лайық емес, еңсесін түсір­меді. Бүгінде ұл-қы­зының, не­мере-жиендерінің қызығын көріп, сол еңселі қалпы, ағайын, туыс-жол­дас­тарының ортасында жүр­. Ірілік, мінез беріктігі деге­німіз осы болса керек.

Марғұлан НҰҒМАНОВ

ОРАЛ