Бұл қызметке облыстық мәслихатының ХХ кезектен тыс сессиясында мәслихат депутаты Бақыт Бексейітова сайланды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковский басқа қызметке ауысуына байланысты міндетінен уақытынан бұрын босатылды. Облыс әкімі Болат Бақауов Бақыт Бексейітованы жаңа қызметке сайлануымен құттықтады:
-Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдің әр тұрғынының өмір сүру деңгейінің көтерілуі. Кәсіби тәжірибеңіз біздің депутаттармен бірлескен жұмысымызға серпін береді деп ойлаймын,-деді.
2017 жылы зейнет жасына толуына байланысты Бақыт Бексейітова облыстық білім басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Облыс орталығындағы №20-шы Қамзин сайлау бөлімі бойынша облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды. Бақыт Мақанқызы мемлекеттік қызметте 20 жылдай уақыт еңбек етіп келеді.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар