• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Ақпан, 2018

Солтүстік Кореяның Парламент төрағасы Оңтүстік Кореяға баратын делегацияға жетекшілік етпек

367 рет
көрсетілді

Солтүстік Корея қысқы Олимпиада кезінде екі ел арасындағы  шиеленісті жеңілдету барысында көптеген жылдар бойы жоғары лауазымды қызметтерді атқарған ресми өкілін Оңтүстік Кореяға жібереді, деп хабарлады BBC ақпараттық агенттігі.

Оңтүстік Кореяның бірігу істері жөніндегі министрлігі Ким Ен Нам Оңтүстікке 22 адамнан тұратын делегацияны жұма күні бастап барады деп хабарлады. Сонымен бірге Олимпиаданың ашылу салтанатында  КХДР мен Оңтүстік Корея спортшылары «Біртұтас Корея» туының астында өнер көрсетеді. Солтүстік Кореяның қысқы олимпиада ойындарына қатысуы Пхеньянның дипломатиялық маневрі ретінде қарастырылып отыр.

Екі Корея мемлекетінің әйелдер арасындағы шайбалы хоккей командасы жексенбіде өзінің алғашқы матчын өткізді, бірақ Швецияға қарсы ойында 1-3 есебімен жеңіліс тапты. Алайда олар бұл ойында жеңіліс тапқанымен, ойынды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндігі бар. Бұл жексенбілік ойын Олимпиада алдындағы тәжірибелік ойын болды.

Ким Ен Нам Солтүстік Кореяның Парламент басшысы және төрт жыл ішінде Оңтүстік Кореяға баратын жоғары деңгейдегі ресми өкілі болып бекітілді.

Оңтүстік Кореяның Blue House резиденциясының ресми өкілі BBC-ге берген сұхбатында Солтүстік Кореяның бұл Олимпиадаға қатысуы олардың екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға дайын екендігін көрсетті деп санайды.

Оңтүстік Кореяның бірігу істері жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, Ким Ен Нам бастаған делегация елге 9 ақпанда үш күндік сапармен келеді. Алайда оның Оңтүстік Кореяның таулы-шығысындағы Пхенчанг қаласындағы ойынның ашылу салтанатына қатысатыны туралы ақпарат таратқан жоқ.

Қысқы олимпиада 9 ақпанда басталып, 25 ақпан күні аяқталады.

КХДР басшысы Ким Чен Ын жаңажылдық құттықтауынан кейін Пхенчангтағы қысқы Ойындарға Солтүстік Корея спортшыларын жіберу жағын қарастырып жатқанын айтты. Ал Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин бұл істі жылы қабылдап, мәселені талқылау үшін келіссөз өткізуді ұсынды. Келіссөз 9 қаңтар күні сәтті аяқталды. Солтүстік Корея ойыншылары қысқы олимпиада кезінде хоккей және мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудан жарысқа түседі.

Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына байланысты екі ел қарым-қатынасы қатты шиеленісіп кеткен болатын. Дегенмен,бұл екі  ел арасындағы араздастықты жою үшін жасалған алғашқы қадамдардың бірі екені анық.

Осы аптаның басында Солтүстік Корея  қысқы Олимпиада ойындары басталғанға дейін яғни 8 ақпанда Оңтүстік Кореямен бірігіп, кең ауқымды әскери парад өткізуді жоспарлаған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Солтүстік Корея ешкімнің олардың бұл мәдени шараны өткізуіне бөгет бола алмайтынын хабарлаған.

Сонымен қатар, Сеул мен Вашингтон Солтүстік Кореяның ашуын тудыратын жыл сайын өткізілетін ірі бірлескен әскери жаттығуларды кешірек өткізуге келіскен, алайда бұл жаттығу  Параолимпиада ойындарының соңында өткізіледі.