Ойынға, қане дейсің, қанса құмар!
Ойыннан дей ме бала: шаршадым ал?
Ойынның баласында – отты жүрек,
Маздайтын мәңгі-бақи жан шоғы бар.
Ат қылып ақ таяқты шаба берген,
Баланың бақыты артық бар әлемнен.
Қазақтың қазыналы келешегі –
Далада, қалада да бала дәурен!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»