• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2018

ОҚО-да көмір тапшылығы жоқ

266 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым осылай деді.

Ол Түркістан қаласындағы тұрмыстық-шаруашылық жағдайға көмір жетіспейтіндігі туралы Youtube желісінде шыққан бейнежазба 2017 жылы болған оқиға екенін, бүгінде Түркістан қаласы бойынша көмір тапшылығының жоқтығын айтты.

– Түркістан қаласының жылу маусымына тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті көмір отынының керекті көлемі 90 мың тоннаны құраса, оның бүгінге қамтамасыз етілгені 85 мың тонна. Бүгінгі таңға, Түркістан қаласындағы көмір базаларындағы отынның қоры 1,4 мың тонна болады. Қосымша қалаға күнделікті көмір тасымалдануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнымен бірлесіп көмір тасымалдау барысына күнделікті мониторинг жүргізілуде, - деді М.Марайым.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы