Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда Сербиямен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Матч Любляна қаласында өтті.
Ойынның 6-минутында Серік Жамақұлов алғашқы голды салса, 23-минутта Тайнан есепті еселей түсті. Сербия құрамасының сапында жалғыз допты Слободан Райчевич 36-минутта салды. Алайда матчтың аяқталуына санаулы сәттер қалғанда Дуглас Жуниор есепті 3:1-ге жеткізді.
Енді отандастарымыз жартылай финалда Испания-Украина арасында жеңіске жеткен құрамамен сынға түседі. Екі команда бүгін, яғни 6-сынан 7-сіне қараған түні 02:00-де (Астана уақыты бойынша) кездеседі.
Айта кетейік, өткен Еуро-2016 додасына Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысып, қола жүлдегер атанған.