• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Тату көршілестіктің тартымды көрінісі

310 рет
көрсетілді

Қарашаның 21-і күні еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей астанасына жол тартып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 1-ші оты­рысына және Кеден одағына мү­ше мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысуы екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынастардың қаншалықты стратегиялық маң­ы­зы барлығын тағы да көрсеткені айқын. Жалпы, әлемдегі қай мемлекетпен де жақсы байланыс ор­на­ту қажет-ақ, ал оның ішінде жа­қын көршіңмен арадағы ба­рыс-келістің жақсаруы екі жақты пайдаға кенелтетіні күмәнсіз. Сол сапарда көптен көпшіліктің ой­ында жүрген Кеден одағы ая­сын­да әр елдің дауыс беру құқы­ғы әртүрлі болуы төңірегіндегі түйткіл шешілді. Осыған дейін дауыстың 57 пайызы Ресейге тиесілі болса, Қазақстан мен Беларуське 21,5 пайыздан келетін еді. Ал Елбасы ұсынысымен келешекте Біртұтас экономикалық кеңіс­тіктегі барлық шешімдер консенсуспен, яғни барлық тарап толық келіскен жағдайда ғана қабыл­да­натын болып шешімін тапты. Ержан Қазыханов өз жұмы­сын кеше таңертеңгілік «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастап, мұнан соң Ресей Федерациясы Сыртқы істер ми­нистрлігінің жекежайында (особняк) ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Оның бары­сын­да екі ел арасындағы сан са­ла­дағы үсті-үстіне дамып отыр­ған бүгінгі тыныс-тіршілікке қо­са, саяси, сауда-экономикалық, мә­дени-гуманитарлық сала­лар­да­ғы байланыстар барысы да кеңі­нен әңгімеленді. Ресейлік министр: «Сіздің сапарыңыз тарихи кезеңде өтіп отыр. Менің ойым­ша, мемлекет басшыларының кез­десуінде қол жеткен нәти­же­лер екіжақты байланыстарды интеграциялау тұрғысынан бізді одан да қарқынды жұмыс істеуге шақырады», деді. Е.Қазыханов өз сөзінде осы­дан үш күн бұрын ғана маңызды тарихи құжаттарға – Еуразиялық эко­номикалық интеграция жө­нін­дегі декларацияға, Еуразиялық экономикалық комиссияның ке­лі­сім-шартына қол қойылғанын атап көрсетті. Біз Ресеймен ара­дағы қарым қатынастарымызға жоғары мән береміз және сіздің елдегі сайлауға қатысты «Единая Россияның» жеңіске жетуіне тілектеспіз. Біздің еліміз де кезектен тыс сайлау өткізуге дайын­дық үстінде, деді еліміз сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы. Кездесу соңында әріптестер министрліктер арасындағы 2012 жылға арналған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойған соң, журналистермен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. С.Лавров өз сөзінде әріптесі­мен екі арада көтерілген мәсе­ле­лерге тоқталып, олардың ішінде ең бастысы, әрине, мемлекет бас­шыларының өткен жолғы үш­жақты кездесуінде қабылданған маңызды тарихи құжаттар екенін көлденең тартты. Арадағы эко­но­микалық интеграцияның құқық­тық негізі қаланды, енді біз осы байланыстардың жаңа жоғары деңгейге көтерілетініне сенімдіміз. Біз сондай-ақ 2011-2012 жыл­­дарға арналған іс-шаралар жоспарының атқарылуын да жан-жақты қарастырдық. Атом энер­гиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, ғарыш, энергетика сала­сын­дағы әріптестік және жалпы алғанда сауда-экономикалық қа­ты­настарымызды дамыта түсу сын­ды сан саланы қамтыған сын­дарлы кездесу өткіздік. Сонымен бірге, біздердің халықаралық ұй­ымдар бойынша, атап айтқанда, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК сын­ды ұйымдардағы жұмыста­ры­мызды үйлестіру төңірегіндегі қадамдарымыздың жайын ақыл­дас­тық. Өйткені, лаңкестіктің ал­дын алу, есірткімен күрес мәсе­лелерінде бұл ықпалдастық өте қажет. Біздің назарымыздан Ауған­­стан, араб әлемі мен Сол­түстік Африка проблемалары да тыс қалған жоқ, деді ресейлік министр. Мұнан соң Ресейдің бас дип­ломаты алдағы жылы біздің елдеріміз арасында дипломатиялық қа­тынастар орнауының және екі елдің Мәңгілік достық туралы декларация қабылдауының 20 жылдығы, сондықтан, осы ай­ту­лы даталарды лайықты қарсы алу жайын да ақылдастық, деді. Ресей біздің сенімді әріп­те­сі­міз, әрі жақын көршіміз, ресейлік әріптесім айтқандай, кездесу ба­рысында бірталай мәселелер тал­қыланды және ол өте пайдалы да маңызды болды, деп бастады сө­зін қазақстандық министр. Өз­де­ріңіз білесіздер, осыдан бір жыл бұрын біздің мемлекеттеріміздің басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, екі ел арасындағы барлық саланы қамтитын, бірлесе атқа­ратын істердің жоспарын бекіткен болатын. Бүгін арада жыл өткенде біз сол жұмыстардың ат­қарылуына мониторинг жүргіз­дік. Және жұмыстардың тиімді жүргізілгенін атап өттік. Бүгін өздеріңіздің көз алдарыңызда ал­дағы жылға арналған іс-жоспарға қол қойдық. Е.Қазыханов мемлекет басшыларының үш күн бұ­рын қол қойған құжаттарының тарихи маңызына да тоқталды. Халықаралық ұйымдар бой­ын­ша ресейлік әріптесі айтқан ой­ларға қосылып, біздің еліміз­дің алдағы жылы ҰҚШҰ-ға төр­ағалық атқаратынын журналистер қаперіне салып өтті. Біздің осы жолғы кездесуіміз алдағы ық­палдастығымызға оң әсерін ти­гізетініне бек сенімдімін, әрі екі арадағы тату, ұтымды көр­шілігімізді нығайта түседі деп ойлаймын, деген ол алдағы жылы аталып өтетін, әріптесі жоғарыда айтқан 20 жылдықтың жоғары деңгейде болатынына еш күмәні жоқ екенін білдірді. Түстен кейін Е.Қазыханов ИТАР-ТАСС агенттігінің мәжіліс залында Джонатан Айткеннің «Қа­зақстан. Тәуелсіздікке 20 жыл: тосын сыйлар мен стереотиптер» атты жаңа еңбегінің тұ­сау­кесеріне қатысып, сөз сөйледі. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.