• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2018

Қазақстан мен Грекия: Ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа қадам

462 рет
көрсетілді

Қазақстан-Грекия Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төрағалары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Астанаға жұмыс сапарымен келген Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынты­мақтастықтың өзекті аспектілерін тал­қы­лады. Грек делегациясының құра­мына іскер топтардың өкілдері кірді.

Келіссөздер Астана мен Афина арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша өзара түсіністікті растады. Бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары анықталып, экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті тереңдету жобалары қарастырылды.

Еуропалық одақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету мәселесіне де назар аударылды. Тараптар визалық рәсімдерді оңайлату Еуроодақ пен Қазақстан арасында іскерлік, білім, мәдени және туристік байланыстарды кеңейтуде өзара мүдделерге сай келетінін бірауыздан мақұлдады.

Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселе­лері бойынша кеңінен пікір алмасылды, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіз­дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретін­дегі қызметі, Сириядағы жағдайды реттеу жөнін­дегі Астана процесі, Еуропалық одақ пен Еура­зия­лық экономикалық одақ арасындағы өзара әре­кет­тестіктің перспективалары және т.б. бағыттар бар.

Сапар шеңберінде Қазақстан Респуб­ли­касының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов пен Георгиос Катругалостың қатысуымен екі елдің 100-ге жуық кәсіпкерлерін біріктірген Қазақ­стан-Грекия бизнес-форумы өткізілді. Іс-шара бары­­сында Қазақстанның Сыртқы сауда пала­та­сы мен «SEV» Грекия кәсіпорын­дары федера­ция­сы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар Г.Катругалостың Қазақ­стан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаевамен және «Астана» халық­аралық қаржы орталығы­ның басқа­ру­шысы Қайрат Келімбетовпен кездесулері өтті.

Г.Катругалос Қазақстанның Митрополит­тік аймағының әкімшілік орталығы мен Успен кафедралды соборына барды. Оларды аралау барысында грекиялық мейман Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы­мен салынған құрылыстың тарихымен танысты. Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары еліміздің ұлтаралық бейбітшілік пен дінаралық келісімді нығайту бойынша жетістіктерін жоғары бағалады.

Айта кететін болсақ, 2017 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2016 жыл­мен салыстырғанда 10,6% өсті (980,6 млн долл.)

Қазақстаннан Грекияға негізгі экспортталатын өнімдер көмірсутегі, дәнді дақылдар, тұз, топырақ, тас, гипс, цемент, мыс және т.б. бо­лып табылады.

Өз кезегінде, Грекиядан Қазақстанға хи­мия­лық және металлургиялық өнеркәсіп өнімдері, пластик, тон және тоқыма бұйым­дары, аяқ-қиім, механизм мен жабдық­тар, электронды материалдар, велосипед және т.б. импортталады.