• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2018

Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

388 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды. Дөңгелек үстелге еліміздің белгілі тарихшылары мен саясаттанушылары қатысты.  

Жиынның модераторы ретін­д­е сөз бастаған Елбасы кітап­ханасы директорының орын­басары Әмірхан Рахымжанов Жолдауда айтылған білім берудің озық жүйесін құру мәселесіне айрықша тоқталды. «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінен бас­тап жоғары білім беру жүйесіне дейінгі бағдарламалардың мақ­саты – өзгерістерге бейім болу және жаңа білімді меңгере білу қа­бі­леттерін дамыту болып отыр. Демек, Жолдауда көз­деліп отырған жаңа білім беру жүйе­сін инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экон­о­миканың бір саласы деп қарас­тыруға болады», деді ол.

Басқосуда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ә.Қайдарова, Әлемдік эко­но­­мика және саясат институ­ты­ның жетекші сарапшысы А.Мұқышбаева, Елбасы кітап­ха­насы Ұйымдастыру қызме­тінің басшысы Ж.Қуанышев, Елба­сы кітапханасының жетек­ші ғылыми қызметкері С.Бердагулова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Альшанская Жол­дау басымдықтарының маңыз­ды­лығы жөнінде баяндама оқыды.

– Мемлекет басшысы Жолдау­да адами капиталды дамыту мәселесіне зор көңіл бөлді. Оны қалыптастыру алғышарт­тарының бірі – сапалы білім беру жүйесін құру. Демек, негізгі өзгерістер педагогтар мен жастар қауымына байланысты болуы тиіс. Олар – жаңа Қазақстан қоғамын қалыптастырудың негізгі факторы, – деді Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев.

Сонымен қатар жиын барысында Елбасы кітапхана­сы ди­рек­­­торының орынбасар­­лары Т.Шаймергенов және Б.Қа­йыпова құжаттың стратегия­лық маңыз­дылығына кеңінен тоқталды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»