• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2018

GetContact қосымшасы заңды бұзды - Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

455 рет
көрсетілді

Телефонда сақталған нөмірлердегі мәліметтерден бөтен нөмірлердің кімге тиесілі екенін анықтау мақсатындағы Getcontact қосымшасы Қазақстанда ресми түрде бұғатталды, - деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. 

"Қазақстан Республикасы аумағында GetContact қосымшасына шектеу қойылды, себебі жеке мәліметтерге қатысты заңбұзушылық деректері анықталды. Министрлік Қазақстанның байланыс туралы заңына сәйкес шектеу қоюға бұйрық шығарды ", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазнет қолданушылары арасында танымалдылыққа ие болған қосымша арқылы қолданушылар таныстарының нөмірлерін тексеріп, оларға қатысты жеке мәліметтерді білген. Бұған дейін Әзербайжанда мобильді қосымшаның жұмысына тыйым салынған болатын.