• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Жеке банктер мемлекеттің еш қатысуынсыз құрылуы тиіс

304 рет
көрсетілді

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерге мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатын уақыт жеткенін айтты. 

«БТА банкімен біріктірілгеннен кейін айтарлықтай проблеманы бастан кешірген жүйеқұраушы банк «Қазкоммерцбанкі» сауықтырылды. Сауықтыру нәтижесінде БТА банкінің кредитін «Проблемалы несиелер қоры» сатып алды, ал «Қазкоммерцбанктің» өзінің капиталдандыру міндеттемесі стратегиялық инвесторға сатылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жалпы сомасы 4,5 трлн теңгені құрайтын халықтың депозиті, мемлекеттік және жеке компаниялардың қаражаттары сақталып қалды», - деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отырыс барысында.

Оның айтуынша, Ұлттық банк еліміздің банк жүйесінің  28 пайызын құрайтын 5 банкке қолдау көрсетіп отыр. Оларға халықтың 2 трлн теңге депозиті және квазимемлекеттік компаниялардың 2,2 трлн теңге депозиттері мен есепшоттары орналастырылған. Акционерлердің банкті капиталдандыруға ынтымақты қатысуының сызбасы ұйымдастырылған. Аталған банктерге мемлекеттік қолдау 653 млрд теңгені құраса, олардың акционерлері  421 млн теңге сомасында капитал салуға міндеттеме алған. Сонымен қатар, ол Үкімет пен Ұлттық банк ірі банктерді капиталдандыру шаралары бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау туралы шешім қабылдағандығын атап өтті.

«Дұрыс. Біріншіден, банкпен жұмыс істегісі келген ауқатты адамдар оларды мемлекеттің еш қатысуынсыз құратындығын барлығына жария етуі керек. Одан кейін банк сәтсіздікке ұшырайды да, мемлекет оның «шалбарын» ұстап тұруы тиіс болады. Құрған екен өзі соңына дейін жауап берсін. Экономиканы кредиттеу қолдауды талап етті. Ұлттық банк жүйе құраушы банктерге бұл қолдауды көрсетті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй құрылысын екінші деңгейлі банктер қаржыландыруы тиістігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екі жылдың ішінде үй салу мәселесіне мемлекет 550 млрд теңге жұмсады. Бұл құрылысты тікелей қаржыландыру. Дағдарыс жылдарында Жол карталарын әзірлеген кезде тиісті қолдау шараларын жасауға бет бұрды, яғни бұл дұрыс қадам болды. Енді осы қаржыны нарықтық тетіктермен пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландыруы тиіс, ал Үкімет, Ұлттық банк, әкімдер баспана құнының арзандауы үшін жағдай жасауы қажет», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде. Мемлекет басшысы осындай тізбекпен бюджет қаржысына бақылау болатынын атап өтті. Банктер осы қаржыға жауапты болып, оны қайтарып, Үкімет алдында есеп береді.