• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2018

Биыл Маңғыстау мен Жамбыл облыстарына цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесі енгізілмек

219 рет
көрсетілді

Цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесімен халықтың 82 пайызы қамтылған. Биыл Маңғыстау мен Жамбыл облыстарына цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл турасында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Цифрлық телевизиялық станция құрылысының жоспарлы түрде орындалуын қадағалауды осыған жауапты вице-министр мен «Зерде» холдингіне тапсырамын», деді министр.

Одан бөлек мемлекеттік радио хабарларын тарарту да тиісті жұмыстарын қажет ететіндігін атады. «Қазақ радиосын» 2 млн адам тыңдай алмай отыр. «Шалқар» радиосының үні 5 млн тұрғынға жетпейді екен. Бұл әсіресе еліміздің шекаралық аймақтарына қатысты», деген Дәурен Абаев бірқатар деректерді алға тартты. Оның айтуынша осы ретте атқарылатын жұмыс ауқымы кеңейе түседі.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің, министр Дәурен Абаевтың қатысуымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Онда министр мемлекеттік тапсырыс аясында былтыр 40 сериал түсірілгенін хабарлады. Сонымен қатар Дәурен Абаевтың айтуынша, Былтыр зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жұмысы тоқтатылған. 

Ая ӨМІРТАЙ

«Егемен Қазақстан»