• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2018

Алматыда педиатрлар пәтерлі болды

387 рет
көрсетілді

Бұл күнде «Нұрлы жер» бірың­ғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы баспаналы болып отырғандардың саны артуда. Аталмыш шара аясында Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арасында келі­сім жасалып, нәтижесінде ол мәміле ақ халатты мамандардың қоныс тойларына ұласуда.

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғы­лыми орталығында қа­ладағы «Алғабас» ауданы­нан баспаналы болған 8 қызметкерді ұжымы құттықтап, қуаныштарын еселеді. Көптен күткен қуа­ныштарымен орталық ұжымы мен басшылығы, барша әріптестері мен достары құттық­тап, ізгі ниет тілектерін білдірді.

«Жаңа пәтерге қол жеткізген орталық қызметкерлерін қуаныш­тарымен құттықтаймын! Меди­циналық мекемелер ішінде біздің орталықтың қызметкерлері ең көп пәтер кілтіне ие болды. Тағы бір қызметкеріміздің өтіні­ші қаралуда. «Нұрлы жер» бағдар­ламасы дәрігерлердің баспана мәселесін шешіп қана қоймай, еліміздің кадр әлеуетін арттыруға септігін тигізері сөзсіз», деп ағы­нан ақтарылды ғылыми орталық­тың жетекшісі Риза Боранбаева.

Пәтер кілтіне арнайы іріктеу бойынша көп жылдан бері медицина саласына өмірін арнап, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті дәрігерлермен қатар, жас мамандар да ие болды. Жылдар бойы жаңа қонысты күткен дәрі­гер­лердің қуанышында шек жоқ.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ