• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2018

Дәурен Махажанов Павлодар облысы әкімімінің орынбасары болып тағайындалды

580 рет
көрсетілді

Өңірдегі кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде хабарланды. 

Облыс әкімінің ауыл шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымына ұсынылған Дәурен Махажановтың кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілгені айтылды. Бұл лауазымда осыған дейін қызмет атқарған Бауыржан Қасенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты  қызметінен босатылды.

Дәурен Махажанов 1980 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін  экономист-менеджер мамандығы бойынша, 2007 жылы Көкшетау университетін «қаржы магистрі» мамандығы бойынша аяқтады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастады. 2001 жылдан бастап 2009 жылға дейін екінші деңгейлі банктер «Казкоммерцбанк» АҚ,  «АТФБанк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ басшылық лауазымдарында қызмет етті.2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармаларының төраға орынбасары, «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген Валериий Бугаев