• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2018

Енді Алакөлге пойызбен барамыз

266 рет
көрсетілді

Былтыр облыстық бюджеттен 550 миллион теңге қаржы бөлініп, айдынды Алакөлдің жағалауы адам танымастай кейіпке енгені белгілі. 

Бұдан бө­лек жаңа автотұрақтар са­лы­­нып, фельдшерлік пункт ашы­лып, саябақ пен автовокзал пайдалануға берілген-ді. Бір қуаныштысы, көл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын таппақ. Ең бастысы, ағымдағы жылы Өскемен мен Семей қалаларынан «Жалаңашкөл» стансасына дейін темір жол қатынасы жол­ға қойылып, облыстық бюд­жет есебінен аталған темір жол бе­кетінен Қабанбай ауылына дейінгі (Алакөл) автокөлік жолы жөнделмек. Мұндай жағымды жаңалықты облыс тұрғындары алдындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзі жеткізді. «Алакөл – еліміздің мақ­танышы. Біз Алакөлді Түркия мен өзге де елдердегі дема­лыс орындарының дең­гейіне жет­кізуге күш салып жатырмыз. Соңғы екі жылда жалпы со­масы 4,3 миллиард теңгеге об­­лыстағы негізгі туристік орын­­дарға апаратын автокөлік жол­дарын жөндеуден өткіздік. Со­нымен қатар өңірдің киелі орындар тізіміне енген Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінің және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие ке­сенесінің ту­ристік инфра­құ­рылымы жақ­сар­тыл­ды», деді облыс әкімі.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы