• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2018

Назарбаев орталығында «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты ғылыми конференция өтті

510 рет
көрсетілді

Астанадағы Назарбаев орталығында «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. 

Конференция барысында қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері, ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктері және посткеңестік мемлекеттердегі тарихи білім беру мәселелері талқыланды.

Конференцияға Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің танымал сарапшылары, отандық мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен республикалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты өткізді.

Конференция барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев былай деп атап өтті: «Тәуелсіздік жылдарында Елбасының бастамасымен орасан жұмыс жүргізілді. Дамыған мемлекеттік және қоғамдық институттары бар тұрақты саяси құрылым құрылды, нарықтағы іргелі заңдарға негізделген икемді, тиімді экономикалық модель қалыптастырылды. Еліміз әлемдік қоғамдастықтың толық және құрметті мүшесі болды. Еліміз халықаралық деңгейде кең танылды. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі - тұрақты және тұтас қоғам. Бүгін біз Үшінші жаңғыру және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүйелі реформалар жүргізе отырып, жаңа даму кезеңіне көштік. Дегенмен болашақ бағыт-бағдарды айқын қалыптастыру үшін мемлекетіміз өткен жолды зерттеу өте маңызды. Бұл тұрғыда «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын жан-жақты талдау біздің жетістіктерімізді, атқарылған жұмысты бағалауға мүмкіндік береді. Бұл Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларының тарихи тұрғыдан дұрыс әрі қажет екенін тағы бір рет дәлелдейді».