• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2018

Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кеңесі өтті

203 рет
көрсетілді

Вышеград тобы және Орталық Азия форматындағы сыртқы істер министрлерінің алғашқы кеңесі Орталық Азия – Орталық Еуропа өзара іс-қимылын жандандыру мәселелеріне арналды. 

Ынтымақтастықтың бұл жаңа форматында мажар үкіметі еуро­па­лық континент шегінен тыс әріп­тес елдермен өзара іс-қимылды күшейту міндетін алға қоя отырып, «Вышеград біріктіреді» («V4 Con­nects») ұранымен өтетін Вышеград тобында бастама жасады.  

Қазақстанның Сыртқы істер ми­нистрі Қайрат Әбдірахманов оты­рысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Вышеград тобының интегра­циялық тәжірибесі қазіргі кезде серпін алған Орталық Азиядағы өза­ра қарым-қатынас үшін өте пайдалы екенін атап өтті. Министр Пре­зидент Н.Назарбаевтың Орталық Азия елдерін өңірдегі өзекті пробле­маларды шешу үшін күш бірік­тіруге шақырған іс-қимылына әріп­тестерінің назарын аударды. 

Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мен Вышеград тобының ықтимал өзара іс-қимылының нақты салаларын атады. Олардың қатарына білім беру мен адами капитал, цифр­ландыру мен озық технологияларды пайдалану, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің алаңында құрылған «Ас­тана» халықаралық қаржы орталығы, «жасыл» технологияларды дамыту орталығы мен ІТ-стартаптар паркі шеңберіндегі ынтымақтастық кірді.  

Министр «Вышеград тобы» брендінің табысқа жетудегі маңызды факторының бірі басқа мемлекеттермен және бірлестіктермен диалог жүргізу және ынтымақтастық орнатудағы ашықтық екені жөнінде пікірін білдірді.

Отырыста қатысқан барлық мем­лекеттердің өкілдері ұсынылған фор­маттағы өңіраралық өзара іс-қи­мыл мен қарқынды диалогты жал­ғас­тыруға ерекше мүдделік білдірді.  

«Егемен-ақпарат»