• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2018

Өскемен мұғалімдері бір ай бойы ұлттық киіммен жүреді

412 рет
көрсетілді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің кураторлары бір ай бойы ұлттық нақыштағы көйлектерді киіп жүруге шешім қабылдапты. Ел көлемінде осымен үшінші жыл қатарынан атап өтілген Алғыс айту күнін білім ордасының ұстаздары қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген көйлектерді киіп, ұлттық әшекейлерді тағып тамаша көңіл-күймен қарсы алды.

 

Зияткерлік мектептің кураторы Шолпан Чакиртенова оқушыларға ұлттық нақыштағы киімдердің әсемдігін, көркемдігін ғана емес, киюге қолайлылығын да паш етуді мақсат қылғандықтарын айтады. «Бабадан балаға қалған құнды мұраларымызды өзіміз насихаттамағанда кім насихаттайды? Алла сәтін салса, Наурыз мерекесі қарсаңында оқушы қыздарымыз да әшекейлерін, сыңғырлаған шолпыларын тағып шығады», - дейді ол.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның сөзіне сенсек, білім ордасының ұстаздары жыл сайын ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық киімдерді киіп жүруді игі дәстүрге айналдырған. Ал біз сөз етіп отырған тамаша акция осы айдың соңына дейін жалғасады. Игі бастамаға шаһардағы басқа да мектептердің ұстаздары үн қосса, қанеки.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Сурет Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен алынды