• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 05 Наурыз, 2018

2019 жылы қосымша 20 мың мемлекеттік білім гранты бөлінеді

3237 рет
көрсетілді

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы қосымша 20 мың мемлекеттік грант бөлінетіндігін мәлімдеді.

«Бүгінде еліміздегі жоғарғы оқу орындарында 530 мыңнан астам студент оқиды. Олардың 30 пайызға жуығы мемлекеттік грант негізінде білім алып жатыр. Сапалы жоғары білім алу мүмкіншіліктерін арттыру үшін мынадай шараларды қабылдауды ұсынамын. 2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа тағы 20 мың мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Оның ішінде техникалық мамандықтар бакалавры үшін 11 мың, қажет болса одан да көп білім гранты тағайындалады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері үшін мыңдаған мамандарды дайындауға көмектеседі. Әсіресе инженер, ақпараттық жүйе, робототехника, нанотехнология мамандары. Бұл да біздің жастарымызға көрсетіп отырған мемлекеттің қамқорлығы», деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кету керек, бірлескен отырысқа Жоғарғы Сот, Үкімет мүшелері толық құрамда, Президентке тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.  Еске сала кетейік, 2 наурызда Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»