Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін үлкен қызығушылықпен тыңдадық.
Мемлекет басшысы өз сөзінің кіріспесінде наурыздың ерекше ай екеніне тоқталды. Таяуда, 1 наурызда Алғыс айту күнін тойладық. Сондай-ақ бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бұл күн әлеуетті және жауапты тұлғалары бар, тарихын білетін және онымен мақтанатын бірыңғай ұлт екенімізді көрсетеді.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылықтың, жаңғырудың және дамудың ұйытқысы болуда. Сенім, дәстүр, транспаренттілік, толеранттылық – Елбасының өлшеусіз еңбегінің арқасында дамыған мемлекетке айналуымыздың негізі болды. Тәуелсіз Қазақстанда барша этностар бірыңғай ұлт ретінде еркін өмір сүреді.
Елбасы айтқандай, «Қазақстан – ортақ үйіміз» идеясы жаңаша мағынаға ие болуы тиіс. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істердің бәрі Қазақстан халқына арналады. Сондықтан Н.Назарбаев Парламентте жаңа әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл – әлеуметтік жаңғыруға арналған ауқымды бастама.
Президент Үндеуінде қазақстандықтарды толғандыратын маңызды мәселелер айтылды. Олар: тұрғын үй алу, салықты азайту, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, шағын несиелеу және елді газдандыру.
Үндеуде айтылған тұрғын үйге қатысты жаңа мүмкіндіктерді бюджеттік салада жұмыс істейтін және орта табысы бар қазақстандықтар жылы қабылдады. «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында әрбір қазақстандыққа тиімді ипотекалық займ алуға мүмкіндік туады.
Елбасы Үндеуінде айтылған тағы бір маңызды мәселе – төмен жалақы алатын жұмысшыларға салынатын салық деңгейін түсіру. Осының арқасында жұмыс берушілерді міндеттеместен, екі миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы көбейеді.
Келесі маңызды қадам – жоғары білім сапасы мен оның қолжетімділігіне жасалған тағы бір қадам. Бұл қазақстандық жастарды қызықтырады әрі үміт сыйлайды. Бұл бастама Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қажет болатын мыңдаған жаңа мамандарды әзірлеп шығуға мүмкіндік береді.
Өзін өзі жұмыспен қамтыған халыққа жаңа жұмыс ашуға мүмкіндік беретін шағын несиелеудің көлемін былтырғыдан көбейту де дәл уақытында жасалған шешім болды. Өз кәсібін бастаған адамдардың саны ұлғаяды, өйткені жұмыс бастау үшін қаржы керек екені белгілі.
Жыл сайын Қазақстанда газ өндіру көлемі ұлғайып келеді. Бүкіл облыстарды газбен қамтамасыз ету тұрғындардың өмір сүру қабілетін арттырып, экологиялық жағдайға оң әсерін тигізетіні анық.
Халықаралық аренада көптеген елдер Қазақстанды тұрақты мемлекет ретінде таниды. Бұл – Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының бүкіл бастамаларын қолдап, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету мен нығайтуға үлесін қоса береді.
Абилфас ХАМЕДОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары