• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2018

К.Мұсырман: Қанаттандыратын қамқорлық

191 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пар­ламент палаталарының Бірлескен отырысында жариялаған Үндеуі миллиондаған қарапайым адамдардың көкейлерінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін кешіктірмей табуға мүмкіндік беріп отыр.

 

Солардың ішінде ең бастысы – «Әр­бір отбасына баспана алудың жаңа мүм­кіндіктерін беру» бастамасы екендігі даусыз. Елімізде тұрғын үй салу қарқыны жылдан-жылға үдетіліп, өткен жылы 11,2 миллион шаршы метрді құраған рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгенімен, халқымыздың демографиялық өсімі де айтарлықтай болғандықтан, баспана кезегінде тұр­ғандар саны әлі де көп. Осыған орай Пре­зидент «7 – 20 – 25»  бағдарламасын ұсы­нып отыр. Яғни тұрғын үй немесе пәтер сатып алушыларға ипотекалық не­сие жылдық мөлшерлемесі 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен асы­рыл­май 25 жылға берілетін болады. Ел­басы ұсынған жаңа бағдарлама баспа­надан мұқтаждық көріп жүрген мил­лиондаған азаматтарға елеулі жеңілдік туғызары хақ.

Екінші бастама – «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтудың» да әлеуметтік маңызы зор. Жалақысы төмен адамдарға салынатын табыс салығының мөлшерін келесі жылдан бастап, 10 проценттен 1 процентке дейін азайту  2 миллионнан астам адамның жағдайын жақсартпақ.

Елбасының үшінші бастамасы – «Жоғары білім алудың қолже­тімді­лігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақ­сарту» да қоғамымызда да, Пар­ла­мент­те де жиі көтеріліп жүрген проб­лема­ларды оңынан шешуге бағыт­талған.

Төртінші бастама – «Шағын несие беруді көбейту» қажеттігі туралы біз өңірлерде болып, әсіресе, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізгенде үнемі естіп жүрміз. Сондықтан да үсті­міз­дегі жылы осы мақсатқа қосымша 20 мил­лиард теңге бөлініп, шағын несие ала­тындардың саны 14 мың адамға жете­тіндігі – Елбасының, ең алдымен, ауылға деген айрықша қамқорлығы деп санаймын.

Бесінші бастама – «Елді газбен қам­тамасыз етуді жалғастыру» да – бізге, депутаттарға, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінің тұрғындары­мен кездескен сайын айтылып, күн тәр­тібінен түспей тұрған маңызды мәселе.

Елбасының жаңа әлеуметтік бастамалары барша қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімдерін нығайтып, қанаттандыра түсетін қуатты  қамқорлық деп білемін.

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Мәжіліс депутаты