• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2018

«Алтын сапаға» өзгерістер енгізілді

363 рет
көрсетілді

Бұдан былай мемлекет тарапынан отандық ком­паниялар­дың халықаралық сапа байқауына қатысуына қаржылай де­меу көр­сетілмек. Демек, биыл «Алтын сапа-2018» бай­қауын­да жергілікті үздік компаниялардың қатары артады деген сөз. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге ар­налған байқауға және «Қазақ­станның үздік тауары» рес­публикалық көр­ме-бай­қауына өтінім қа­был­дау баст­алды. Биыл «Алтын сапа» байқауының ұйым­дас­ты­рылуында бір­қатар өз­геріс­тер бар. Жеңім­паздарға ал­ғаш рет 450 АЕК, яғни 1 млн 82 мың тең­ге көлемінде ақ­ша­лай сый­лық табысталатын бол­ды. Кәсіпкерлер ұтып алған қара­жаттан қалаулары­на қарай халықаралық сапа бай­қауларына, оның ішін­­де Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­­тығының өндірушілері ара­сында өнім мен қызмет көр­сету сапасының үздігі бай­қауына қатысу шығынын өтей алады.

«Алтын сапа» байқауында ауылшаруашылық өнім­дерін өндірушілерге арнал­ған аталым мен «Үздік ин­дустриялық жоба», «Үздік ин­но­вациялық жоба» арнайы сыйлықтары бекітілді. Осылайша, биыл отандық 14 компания «Алтын сапа» жеңімпазы атана алады.

– Алматы қаласы­ның өн­­д­ірушілері әдетте «Ал­тын сапа» байқауында бір­­­неше жүлделі орынды иеле­неді. Біздің қалада бизнес ай­тарлықтай дамыған, тиі­сінше отандық нарық­та көш­басшы болып, тіпті үздік экспорттаушы атанған танымал компаниялар да көп, – дейді Алматы қаласы Кәсіп­кер­лер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.

«Алтын сапа» бай­қауына заңды тұлғалар да, жеке кәсіп­­керлер де қаты­са алады. Бай­қауды ұйым­дас­тыру­шылар аталым мен санатты таңдауда шатаспауға кеңес беріп отыр.

– Әр аталымда санат бо­йынша үш сыйлық бар: шағын, орта және ірі бизнес. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталы­мында шағын бизнес субъек­тісі мүлдем жоқ. Орта мен шағын арасын таңдай отырып, өзіңді шағын бизнес­ке жатқызған жөн. Ал ха­лыққа арналған тауарлар секторында шағын бизнес өкілдері өте көп. Мұнда сапа менеджментінің жүйесі бол­ғанына аса мән беріледі, – деді «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті дирек­торы­ның орынбасары Сал­танат Әбдікәрімова.

С.Әбдікәрімованың айтуынша, байқауда жеке патентті иелену, түрлі ноу-хау дайындау, халықаралық көрме мен байқауға қатысу әрі жеңімпаз атануға басымдық беріледі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ