• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2018

Бұрмаланған құжаттың әлегі

209 рет
көрсетілді

«Егеменнің» Ақтөбедегі тілші қосы­нына арнайы келген жас әйел есімін Жанна Қуантайқызы Есмұрзаева деп таныстырды. Бізге қатысты шаруаңыз болса, айта отырыңыз, дедім мен. Ол кісінің күткені де осы болса керек, бұған дейін қабырғасына қара тастай батып келген, ішкі жан дүниесін күндіз-түні мазалап тыным таптырмаған жайттарды алдыма төгіп салды. Әңгімесінен ұққанымыз, өзі заңгер бола тұра, әділеттік таба алмай басын тауға да, тасқа да ұрып жүрген көрінеді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Жанна Қуантайқызы бұған дейін Ақтөбе нотариалдық округі құрамында жеке нотариус қызметін атқарып келіпті. Сол уақытта «Болашақ Инвест» ЖШС ғимаратынан өзіне қажетті кеңсені жалға алып еңбек еткен. Меншік иелерімен келісілген ай сайынғы 35 мың теңге жалдау ақысын белгіленген уақытында төлеп тұрыпты. Әйтсе де 2016 жылдың 10 қазаны күні оған аталған серіктестік өкілінен ғимарат сатылады, сондықтан кеңсені босатыңыз деген жазбаша хат түседі. Ол бұл талапты орындайды. Дегенмен жалгерлік ақы және құны 35 мың теңге тұратын өртке қарсы дабыл көтеретін қондырғыны өз қаражаты есебінен төлеп орнатқаны үшін 70 мың теңгені қайтарып беруін сұрайды. Алайда «Болашақ Инвест» ЖШС-нің өкілі Жанна Есмұрзаеваның талабын орындамайды. Оларды сотқа беруге толық моральдық құқым бар еді. Алайда мұндай әрекетке бармадым. Ең қынжыларлығы, осы серіктестік маған қарыздар бола тұра, менің үстімнен сотқа негізсіз талап-арыз жолдапты. Соның негізінде 26 күнге өсімі мен айыбын қоса есептегенде 42 585 теңге өндіру жөнінде сот ұйғарымы шықты. Оны 2016 жылдың 1-26 қазаны аралығында төлеттіруді сұраған. Бір қызығы, тіпті қызығы емес-ау шыжығы, бұл кезде «Болашақ Инвест» ЖШС атал­ған жылжымайтын нысанды сатып үл­герген-ді. Осы деректің өзі олардың сот­қа жолдаған талап-арыздарының шын­дық­қа жанаспайтынын көрсетеді. Тіпті ай са­йын­ғы тиесілі жалгерлік ақыны төлегені жөнін­дегі банк квитанциялары қолымда тұр емес пе, дейді ол.

«Болашақ Инвесттің» қандай қитұрқы әрекетке барғанын оп-оңай дәлелдеп бере аламын. Соның бір мысалы – №91 ескерту хат. Олар хабарландыру қағаз секілді қыз­меттік құжаттарда көрсетілген дата­ларды, айлар мен күндерді бұрмалап көрсеткен. Кейіннен белгілі болғанындай, осы бұрмаланған құжаттар сотқа жол­дан­ған. Бұл жөнінде менің қолымда бұл­тарт­пайтын деректер бар, дей келе сол сәтте Жанна Қуантайқызы соның бәрін қолы­мызға ұстатты.

«Болашақ Инвест» мені ғана сазға отыр­ғызумен шектелмей, өзге де азаматтар­ды әрі сот органдарын да алдаудың ре­тін тапты деген ойдамын. Сөйтіп мен бұр­маланған құжаттың құрбаны болып отыр­мын. Осы жанайқайымды судьяларға да айт­тым. Құжаттарда олардың айлар мен күн­дерді қалай ауыстырып көрсеткені тайға таң­ба басқандай айқын көрініп тұр. Соған қара­мастан бұл дәлелдер ескерілмеді, деп күйін­еді Жанна Қуантайқызы.

Әлбетте, Ақтөбе облыстық соты апел­ля­­циялық алқасының шешімі бар. Бірақ соттың соңғы сатысында азаматша Жанна Есмұрзаеваның атына өндірілді деп ш­ешілген айып сомасы тіпті айтуға да тұ­р­май­тындай, мүлдем аз екенін де айта кеткен жөн.

 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ