• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2018

Аналардан алғыс, ақсақалдардан бата алды

351 рет
көрсетілді

Алғыс айту күнін өскемен­дік­тер биыл кең ауқымда, бір­­қатар тағылымды шара­лар­­мен атап өтті. Қаладағы ме­ре­келік шаралар легі Өске­мен­нің іргесіндегі Ахмер ауы­лындағы Балалар ауылынан басталды. Облыс әкі­мінің орынбасары Әсем Нү­сіпова мен облыстық білім бас­қар­масы басшысының мінде­тін атқарушы Сайрангүл Жұ­ма­ділова мейірім меке­ніне ар­найы барып, ата-ана қам­қорл­ығына зәру бүл­дір­шін­дерді мерекемен құт­тық­тап, жылы лебіздерін жеткізді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Ә.Нүсіпова мұндағы тәрбие­ленушілерге Сара Алпысқызының құттықтауын оқып беріп, облыстық білім басқармасының атынан моноблокты сыйға тартты. Балалар ауылының тәрбиеленушілері де қарап қалмай «Алғысым шексіз, туған ел» атты концерттік бағдар­ла­­масын ұсынды. Бүгінде мұнда 69 балдырған тәрбиеленіп жатыр. «Бізді естен шығармай қам­қ­орлық танытып жүрген үлкен жүрек­ті азаматтарға алғысымыз шек­сіз. Көңілі ашық, дархан мі­нез­ді 79 ме­кеме басшысы бар, олар бас­қарып отыр­ған 105 ұлт пен ұлыс­­тың өкіл­дері жылына бір рет бі­з­дің бала­лар­дың есепшоттары­на бір ай­лық еңбек­ақыларын ауда­рып ке­леді. Бес жылдың ішінде бала­лар­дың шотына 80 миллион тең­геге жуық қаражат жиналды, қазір 26 мил­лион теңге Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банктегі шоттарында жатыр, бола­шақта 23 жасқа толғанда олар баспа­налы болады», дейді Бала­лар ауы­лының директоры Аман Ислямов.

Мерекенің ажарын кіргізген игі шараның бірі – облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ақ бата – асыл мұра» атты бай­қау. Дуалы ауыз қарттардың өнер додасына аудандар мен қа­ла­­лар­дағы іріктеу сайысынан іркіл­­мей өткен 22 батагөй қария ке­ліп­ті. «Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрек­тен құт­тық­таймын. Біздің ең үл­кен бай­лы­ғы­мыз – еліміздегі тыныш­тық, тұ­рақтылық пен береке-бірлік. Бүгін тек алғыс айтатын күн ғана емес, тарихқа көз жүгіртіп, елімізге сырттан көшіріліп әкелінген халықтардың көрген қиындығын, шеккен мехнатын санамызда бір жаңғыртып, оларға біздің ата-бабаларымыздың көрсеткен құрмет, жасаған қамқорлықтарын еске алатын күн. Бүгінде біздің об­л­ыста 14 Достық үйі, 123 этно­мәдени бірлестік жұмыс істейді. Өңірімізде 105 ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрмыс кешуде. Елбасы­мыздың «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында қазір біз жеті үлкен бағытта жұмыс істеп жатыр­мыз.  Бұл бағдарлама  елімізді ме­кен еткен барлық этностардың мә­де­ниеті мен тілдерін сақтауға, дәс­түрл­ерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бүгінгі өткізіліп отырған шара – соның дәлелі», деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова сайыстың ашылу салтана­тын­да сөйлеген құттықтау сөзін­де. Үш кезеңнен тұрған байқау қо­ры­тындысында бас бәйгені (100 мың теңге) ұландық Рашитбек Мұ­­ха­меджанов ақсақал иеленсе, бірінші орынды жармалық батагөй Мұрат Жармұхамет қанжығасына байлады. Екі екінші орынды көкпек­тілік Шахан Тұрсынханов пен семейлік Қайымхан Бейсен­баев, жүлделі үш үшінші орынды Абай ауданынан келген Ақан­ғали Мақаев, аягөздік Ақаш Көк­сегенов пен тарбағатайлық Серік Бексайынов өзара бөлісті.

Қаладағы Достық үйі-қоғамдық ке­л­ісім орталығында өңірдегі этно­­мәдени бірлестіктердің ұйыт­қы болуымен Алғыс айту күні­не орай мерекелік шара ұйым­дас­­ты­рылып, жұрт назарына кон­церт­тік бағдарлама ұсыныл­ды. Шара ба­ры­сында қоғамдық келісімді ны­ғайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды. 

Сонымен қатар шаһардағы «Ана мен бала» орталығында ашық есік күні ұйымдастырылып, білікті дәрігерлер болашақ аналарға тегін ақыл-кеңес берді. Өскемен қала­сының әкімі Қуат Тұмабаев бұл күні 10 баланың анасы Күлия Кене­мол­дина мен 7 баланың анасы Ольга Ранееваны мерекемен құттықтап, «Алтын алқа» белгісін салтанатты түрде табыс етті.

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

 

Суретті түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ