• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2018

Қостанай облысында тұманда адасқан екі адам құтқарылды

273 рет
көрсетілді

Әулиекөл ауданындағы Төтенше жағдай бөлімшесіне Көктал ауылынан Қараменді  ауылына жаяу шыққан екі тұрғынның адасып кеткендігі туралы түнгі 21.55-те хабар түседі. Бөлімшенің екі қызметкері тұрғындарды «Нива» машинасымен іздеуге шығады.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізу уақытында адасқандармен ұялы телефон арқылы байланыс жасауға мүмкіндік болды. Алайда  қалың тұман іздестіру шараларына айтарлықтай кедергі келтірді.  Екі сағат жүргізген жұмыстан кейін «Әулиекөл-Жалдама»  тас жолының 5-ші шақырымында құтқарушылар белгі ретінде адасқандардың назарын аудару үшін   даладан  сабанның үйіндісін тауып,   от жағады. 

 Алыстан жанған  от жалынын байқаған 1972 жылғы ер адам мен  1971 жылы туған әйел  жарыққа қарай жүрді.  Көп ұзамай құтқарушылар көліктерін тастап, жарты метрлік оппы қармен жобалай отыра адасқан адамдар жаққа жүреді. Жоғалғандардың ұялы телефонымен байланыста   болып, құтқарушылар оқиғаны алыс қашықтықтан басқара алды.

Түнгі сағат 02 сағат 40 минутта  құтқарушылар ер азаматты,     оның  ізімен кері жүре отырып, сағат 03.00 шамасында әлсіреген әйелді тапты. Құтқарушыларға көмекке Әулиекөл ауданының №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар зардап шеккендерді жылытып,  ГАЗ-66 автокөлігімен аудандық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер     адасқандардың екеуінің де  аяқ-қолдары мен  бетін орта деңгейде үсік шалғанын анықтады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ

«Егемен Қазақстан»

Қостанай