• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2018

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның жобасы мақұлданды

788 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2013–2017 жылдарға арналған Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы қаралды және 2018–2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасы мақұлданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Нұрғали Білісбеков 2018–2022 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты — діни экстремизм көріністерін ескерту және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

2013 жылдан бастап елімізде діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратудың себептері мен жағдайларын жою және атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде 202 комиссия жұмыс істейді.

Мәлімделген ақпаратқа сәйкес, аталған бағытта жалпы саны 8,1 млн-нан астам адам қамтылған 96,6 мыңнан астам шара өткізілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде 755 «жихадшы» қалыпты жолға көшірілді. Дайындық жұмыстарының бастапқы кезеңінде 38 террористік сипаттағы зорлық-зомбылық экстремистік науқандарының іске асырылуына жол берілмеді. Шетелде күдікті діни білім беру мекемелерінен 384 студент елге қайтарылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасында 2018–2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылды.