Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған бес әлеуметтік бастамасын мұқият тыңдадым. Маған Елбасының қазіргі таңда қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға ел экономикасының әлеуеті жететіні жөнінде айтқаны ұнады. Бұл орайда тұрғын-үй құрылысын дамыту, ипотекалық несие пайызын төмендету, білім гранттарының санын өсіру, студенттерді жатақханамен түгелдей қамту мәселелері маңызды.
Сондай-ақ мені Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалалары арқылы Астанаға дейін газ құбырын тарту жобасы қатты қуантты. Бұл өз кезегінде елорданы 35 мың тонна зиянды газ қалдықтарынан арылтуға, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, Астананың экологиялық ахуалын түзеуге жол ашады екен.
Аталған жиында Елбасы ұлтаралық келісімнің, татулық пен бірліктің маңыздылығын насихаттап, мемлекеттің ынтымаққа шақырған саясатына үнемі қолдау білдіріп келе жатқан барша қазақстандықтарға алғыс білдірді. Бұл алғыс бізді еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын көзіміздің қарашығындай сақтауға үндейді, міндеттейді.
Салман ГЕРОЕВ,
ҚХА Кеңесінің мүшесі,
Астана қалалық «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы
АСТАНА