• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Наурыз, 2018

Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтіп жатыр

654 рет
көрсетілді

Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форумның ашылуына 5 елден келген 700-дей әртіс қатысты.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форум Атырауда алғаш рет өткізілуде және екі күнге созылады.  Форум аясында бірқатар мәдени және ғылыми іс-шаралар өтеді деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Көрісу», «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль Исатвй-Махамбет атындағы орталық  алаңда өтті.

Аталған іс-шараның халқымыздың  салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, өмір сүру салттарын одан әрі байыту және жас буынды қалыптастыру үшін маңызы зор. Іс-шарада 700-дей әртіс, 5 елдің өкілдері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан келген 30 шығармашылық ұйым  өнер көрсетті.

Атырау облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері өз киіз үйлерін орнатып, мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсына отырып, мәдени салт-дәстүрлерін көрсетті.

Сонымен қатар орталық алаңда  ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Фестивальдың ашылуына мыңдаған көрермен жиналды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  құттықтау сөзінде «Көрісуді» мерекелеудің республика аумағында тұратын барлық халықты жақындастыратын дәстүрдің бірі ретіндегі қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

- «Мемлекет Басшысы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде бұл өмірде өз орнын табу үшін әрбір ұлт біртұтас, бәсекеге қабілетті болуы қажет деп бірнеше рет атап көрсетті. Бүгін біздің елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың бірлік пен келісімде өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған» - деді Нұрлан Ноғаев. – Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны ерекше. Мемлекет Басшысының бастамаларын бірқатар елдердің басшылары үлгі етуде. Бірінші кезекте бұл қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі. Барлық қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысын қолдайды.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы Мемлекет Басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау аясында өткізілуде және екі күнге созылады. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін танымал ету.

Осы екі күн ішінде Форум қонақтары Ырза Тұрсынзаданың этноқолөнерінің шеберлік сағаттарына қатыса алады. Форум аясында республикалық айтыс пен Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылар сайысы өтеді. Абсолютті салмақ категорияларындағы спортшылардың қатысуымен өтетін қазақ күресінен халықаралық ашық чемпионат Форум аясындағы көпшілік  спорттық іс-шаралардың бірі болмақ. Осы күні Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары «Спикер №7» жастар зияткерлік конференциясына қатыса алады.

Форумның алғашқы күні И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы алаңда жергілікті әртістер мен «Ringo» тобы, Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Тәуекел Мүсілім және Қайрат Нұртас сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін кешкі концертке ұласады.

15 наурызда Қазақстанның, Жақын Шығыс пен Еуропа елдерінің ғалымдары «Наурыз – адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. Мұнайлы астананың  Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған республикалық әдеби оқуды,  «Ұлы дала ұлағаты» атты кітаптың тұсаукесерін, «Домбыра Party» жастар акциясын тамашалай алады. Екі күндік Форум конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен және «Аманат»  ұлттық сыйлығын тапсырумен аяқталады.