Қай мекеменің болсын, негізгі тірегі – қызметкерлер. Кәсіпорынның да табыстылығы кәсіби маманға тікелей байланысты. Сондықтан елімізде жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік әл-ауқатына қолдау білдіру жайы алдыңғы кезекке қойылған.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Үндеуінде осы мәселеге ерекше назар аударылып отыр. Бастаманың халықтың әлеуетін көтерер оңды бағыт екені даусыз.
Әсіресе, еңбекақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға қатысты нақты тапсырмалар жүктелді. Яғни келесі жылдан бастап ол он есеге азайтылмақ. Бір пайыз ғана салық салуды ұсынған Елбасы ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығы азайтылатынын мәлімдеді. Ал одан алынатын қаржы мамандардың еңбекақысын көтеруге жұмсалмақ.
Біз бұл бастаманы қызу қолдаймыз. Өйткені нарықтағы баға шарықтап тұрған шақта бұл қарапайым жұмысшы табысына үстеме болары сөзсіз. «Іс тетігін кадр шешеді» демекші, айлығы көбейген қызметкердің еңбекке деген құлшынысы артатынына сенім мол.
Жалпы, бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру еліміз үшін жақсы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Елбасы осының барлығына берекелі бірлігіміз арқылы жеткенімізді атап айтты. Алдағы ауқымды жұмыстарға орай тиісті заңнамаға қатысты нормативтік актілер бойынша түзетулер жасалады.
Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,
Қазақстан Коммунистік халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы