Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне орай Қостанайда өткен актив жиналысында осы маңызды құжаттан туындайтын іс-шаралар, құнды құжаттан өрістейтін істер белгіленді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиналғандарға Президент бастамаларының әрқайсысы бүкіл еліміз секілді Қостанай өңірі үшін де аса маңызды, береке бастауы екенін айтты. Баспана салу, еңбекақыны көбейту және салық жүктемесін азайту, білім беру мен жатақхана салу, шағын несие беру мен газдандыру мәселелелері еліміз үшін қашанда өзекті болып келеді. Әкім соған орай өңірде атқарылуға тиісті қосымша жұмыстар қатарын атады.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьБаспана мәселесіне байланысты облыста осыған дейін де жұмыстар қызу жүргізіліп келді. Соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияның көлемі 10 есе артқан. Бір жылда берілген баспана 36 пайызға артқан, 2,6 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Қостанай қаласының өзінде, қала іргесінде жаңа тұрғын аудандар бой көтеріп келеді. Алайда 24,5 мың адам баспана кезегінде тұр.
– Елбасы ұсынып отырған «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы қостанайлықтардың да ипотекалық несие алу мүмкіндігін барынша кеңейтетін болады. Онда айтылған жеңілдіктер арқылы адамдар баспана жағдайын жақсартатын болады, – деді Архимед Бегежанұлы.
Елбасы бастамалары тек әлеуметтік саланы дамытуды ғана көздемейді, бұл ішкі нарықтың, сонымен қатар құрылыс саласының дамуына ықпал етеді. Елбасы бастамасы арқасында құрылыс жұмыстарын болашақта ауылға қарай бұрамыз деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін маман керек, ал жас мамандарға баспанасыз қиын болатынын көріп отырмыз. «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы ауылдағыларға да үй салуға мүмкіндік береді, деді «Ирина и К» құрылыс компаниясының жетекшісі Александр Корчинский.
Баспана сөз болғанда Елбасы Үндеуіндегі үшінші бастамада айтылған студенттердің жатақхана жағдайын жақсарту мәселесі бірден еске түседі. Алдымен Елбасы 2018-2019 жылдары жоғары білім алу үшін жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа тағы қосымша 20 мың бөлінетінін айтты. Оның 11 мың гранты техникалық мамандықтар дайындауға арналады. Ал қазір төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономика үшін техникалық мамандар аса қажет. Елбасы бастамасымен бөлінетін қаржыға енді мыңдаған мамандар дайындауға мүмкіндік туады. Ал сол болашақ мамандар сапалы білім алу үшін олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту тағы бар. Қостанайлық студент жастардың жатақханаға зәрулігі бар екені жасырын емес. Қазір облыс өңірінде 3305 студент, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 1805, колледждерде 1455 студенттің жатақханада орны жоқ. Оның барлығын шешу үшін өңірдегі резервтер де қарастырылатын болады.
– А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы жатақхананың жобалау-сметалық құжаттары дайын тұр. Ол пайдалануға берілгенде студенттердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді, жастар арасындағы қылмыс та азаятын болады. Енді облыстағы басқа жоғары оқу орындарымен де мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында осындай жұмыстарды қолға алатын боламыз, – деді өңір басшысы.
Облыстағы Рудный және Арқалық секілді қалаларда да жоғары, орта оқу орындары бар. Оларда есік-терезесі үңірейіп бос қалған, бірақ қабырғасы, іргетасы мықты көпқабатты үйлер әлі тұр. Архимед Бегежанұлы осындай үйлерді қайта жөндесе, ол студентке жатақхана, кәсіпкерге жұмыс болатынын да еске салды.
Сонымен қатар активте айлық жалақыны өсіру үшін салық жүктемелерін азайту, шағын несиелерді кеңейту, елімізді одан әрі газдандыру мәселелері туралы әңгіме болды. Облыста 331 632 жалдамалы жұмысшылар бар. Әрине салық жүктемесі азайғанда, босаған қаржының есебінен олардың жалақысы көбейеді.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін Елбасы Үндеуіндегі төртінші бастама игі істерге мұрындық болады. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 2018 жылы қалаларда 237 млн теңге, ауылдарда 2 млрд 83 млн теңге бөлінді. 2016 жылдан бері облыста «Қос қолдау» кәсіпкерлерді өңірлік қаржылай қолдау бағдарламасы мен «Атамекен Қостанай» шағын несие ұйымы арқылы 46 несие және 142 шағын несие берілген. Енді Елбасы Үндеуінде айтқан жеңілдіктерді пайдаланып, Қостанай өңірінен де мыңдаған адамдар өз ісін жеңіл аша алатын болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндеуіндегі бесінші бастама – елді одан әрі газдандыру мәселесі қостанайлықтардың да тұрмысын көтере түсетін болады. Газдандыру Қостанай өңірі үшін де инфрақұрылымды дамытудың маңызды бағытының бірі болып саналады. Облыс өңіріндегі 880 мың тұрғынның 54 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Биыл Федоров, Әулиекөл аудандарындағы елді мекендерді және Рудный қаласындағы жекелеген шағын тұрғын аудандарды газдандыру үшін 2 млрд теңге қаржы бөлінді. Көгілдір отын жеткізу үшін облыста мұнан бөлек те жобалар қарастырылып отыр. Ол бойынша алдағы уақыттарда шалғайда жатқан Қамысты, Денисов, Әулиекөл, Жітіқара аудандарындағы елді мекендер де газдың рахатын көретін болады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі мемлекет саясаты алдымен елдің әлеуметтік жағдайын көздейтінін көрсетті. Тіпті қиын жылдардың өзінде елімізде зейнетақы, жалақы, жәрдемақы өсіріп отырды. Жақсы тұрмыс халықтың бірлігін нығайта түседі. Елбасы саясатының көздегені де осы.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ