• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Наурыз, 2018

Еліміздің алғашқы жоғары оқу орнына – 90 жыл

5682 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінде ағымдағы жылдың 4 қаң­тарында Ж.Самраттың «Алаштың алғашқы институтына 100 жыл» деген мақаласы жарық көрді. Автор мақаласында Қазақ педагогикалық институтының тарихын 1918 жылы сол кездегі Түркістан Советтік республикасының орталығы Ташкент қаласында Қазақ педагогикалық курсы ретінде ашылып, кейін (1920 ж.) Өлкелік Қазақ ағарту институты ретінде қайта құрылған оқу орнынан бастағанды қош көріп, тұңғыш қазақ жоғары оқу орнына 100 жыл толды деген тұжырымға келеді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Ж.Самраттың мақаласынан бұрын «Егемен Қазақстанда» (29.01.2015 ж.) осы ойды профессор Б.Сманов та жан-жақты негіздеуге ыңғай танытқан. Аталған авторлардың бұл мәселеге жарық түсіруге ықылас білдіргені, әрине, құптауға лайық. Дегенмен, бүгінгі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихымен тікелей байланысты бұл мәселеге қатысты ақиқатты нақтылап анықтай түсу қажет сияқты көрінді.

Сонымен, қазақ топырағында тамыр жайған тұңғыш жоғары оқу орнына қанша жыл толды?­ Тарих бұлақтарына үңіліп көрейік.

Белгілі мемлекет қайраткері, мемлекеттік қызметін білім саласында бастаған Т. Жүргенов 1927 жы­лы жасаған баяндамасында 20-жылдардың басындағы қазақ қоғамындағы сауатсыздық 95% дең­гейде болғандығын көрсетеді. Міне, осындай жағдайда білім жүйе­сінің алдында тұрған негіз­гі міндет, әрине, жалпы бұқара ха­лық­тың сауатын көтеру бол­ғандығы түсінікті. Ал бұл кезең­де­­ жалғыз қазақ жерінде емес, бұ­­рынғы Ресей империясы көле­мінде де сауатсыздық мемлекет­ үшін ең үлкен мәселелердің бі­рі­не айналды. Өйткені бұқара ха­лықтың сауаттылық деңгейін көтер­мей ең өзекті қоғамдық мә­се­лелерді шешу мүмкін емес еді. Соған байланысты Ташкентте 1918 жылы ашылған түрлі өлке­лік педагогикалық курстар мен Қа­зақ ағарту институтының стра­тегиялық тұрғыдан міндеті мен мақсаты, әрине, бірінші кезекте сауатсыздықпен күрес болатын. Яғни білім беру ісін жүргізудің ал­ғашқы сатысы сауатсыздықты жою еді. Оқу орындарының қыз­меті ең алдымен осы міндетке жұмылдырылды.

1918 жылы 20 қарашада Таш­кент қаласындағы орыс педа­го­гикалық училищесінің жаны­нан ұйымдастырылған алты ай­лық курстар қазақ мектептері үшін­ арнайы мұғалімдер даяр­лай­тын алғашқы оқу орны еді­ десе де болады. Осы курс­тар­­да сабақ жүргізу үшін Пе­ровск (қазіргі Қызылорда) қаласынан Қ.Қожықов, Хиуадан А.Байсейітов, Шымкенттен С.Айзунов және басқа оқытушы мамандар шақырылады. Қазақ педагогикалық курсының жұ­мы­­сын жүргізу үшін арнайы «Пе­дагогикалық коллегия» құрылып, оның құрамына Х.Болғанбаев, С.Қожанов, Қ.Қожықов, Ф.Құл­та­сов және Е.Табынбаев еніп, курс­тың меңгерушісі болып И.Тоқ­тыбаев белгіленеді. 1919­ жылы мамырда, міне, осы­­­ педагогикалық курстарды­ 145­ адам аяқтап шығып, ола­р­­дың бәрі бірдей қазақ мектеп­терінде мұғалім болып қызмет атқа­ратындығы жөнінде қолхат береді (Т.Тілеуқұлов, Г.Тілеуқұлова Из истории казахского педагогичес­кого института в Ташкенте. Ал­маты, 2005, с. 27-28).

Қарқынды өзгерістер жолында тұрған өмір білім жүйесіне ты­нымсыз жаңа талаптар қоюмен бол­ды. Қазақ педагогикалық кур­­сы 1919 жылы 1 маусымда же­ке педагогикалық учили­ще бо­лып бөлінеді де, өз ретін­де­ осы училище 1920 жы­лы Қа­­зақ Оқу-ағарту комиссариаты ал­қасының шешімімен Қа­зақ ағарту Институты болып қай­та құрылады. Училищеге тие­сілі материалдық-техникалық ба­­за түгелдей институтқа өте­ді. Ташкенттік тарихшы ға­лым­­­­­дарымыз Шырынбек Ора­зым­бетов пен Сейдуәлі Тілеу­құ­лов­тың мақсатты еңбегі арқылы жа­рық көрген жинақта Қазақ Ағар­ту институты өмірінен біраз мәлі­меттер бар.

Мәселен, ішкі істер ко­мис­сариатының өкілдері Елизаров пен Черняк қолдарын қойған ак­тіде 1920 жылы 1 қазанда ашыл­ған институттың «міндеті бі­рінші сатылы мектептер үшін жоғары-кәсіби мұғалімдер даярлау» деп көрсетіліп, оқу-ағарту инс­титутының бағдарламасын Ха­лық-ағарту комиссариатының тап­сырмасы бойынша арна­йы құрылған комиссия даяр­лай­тындығын ескертіп, «қазіргі уа­қытта шамамен ІІ сатылы мектеп және ішінара жоғары оқу орындары бағдарламасын басшылыққа алып отырғандығы баяндалады.

Институттың 1920-1921 оқу жы­лына байланысты даярлаған есебінде оқу орнының І сатылы мектептерге мұғалімдер даяр­лау ісіне басымдылық беріп отыр­ғандығы, тек қазақ тілінде оқу­лықтардың жоқ болуына, сон­дай-ақ педагог кадрлардың тап­шылығына байланысты ІІ сатылы мектеп бағдарламасын ұстануға мәжбүр болып отырғандығы жө­нінде айтылады.

Яғни бұл келтірілген фак­ті­лер­ден педагогикалық курстар мен училище сияқты, Қазақ ағар­ту институты да толыққанды жо­­­ға­ры кәсіби білімді педагогтар­ дая­рлау ісіне көше қойма­ған­дығын байқау, әрине, қиынға түс­­пейді. Ондай мақсатқа көшуге қа­­жет алғышарттар түзіле қойған жоқ-тын. Соған байланысты «Қа­­­зақ ағарту институты туралы» Ережеде оның мәртебесі «пе­­­дагогикалық орта оқу орны» дә­режесінде бекітілді. Негізгі оқу кур­сының мерзімі алдымен бес жыл, кейінірек төрт жыл болып бел­­гіленді.

Дегенмен, Қазақ ағарту инс­титуты елімізде жоғары білім жүйе­сін даярлау ісінде аса маңызды міндет атқарғандығын айт­қан жөн. Онда педагогтік кә­сіпті игеру ісінде алғашқы жік­телу үдерісі жүрді. Мәселен, инс­­титутта педагогикалық топпен­ қатар тарихи-филологиялық, фи­зика-математикалық және жа­ратылыстану-географиялық бө­лімдері жұмыс істей бастады. Бұл топтардың тыңдаушылары жал­пыбілімдік пәндермен бірге атал­ған бағыттарға қатысты арнайы пәндерді оқыту ісін қолға алды. Сондай-ақ педагогиканы дидактикамен бірлікте оқыту, психология, логика, мектеп гигие­насы, музыкалық және дене тәрбиесі сияқты пәндерді игеруге де назар ауда­рылды.

Институттың кадр құрамы да ірік­теле бастайды. 1922 жылдың 1 наурызына тиесілі оқытушылар тізімінен Абланов Сыдық (ана тілі), Байтурин Алажан (тарих), Байтурин Әділбек (мате­матика), Байтасов Абдолла (қа­зақ тілі), Досмұхамедов Ха­лел (гигиена), Колесникова Сера­фима Васильевна (орыс тілі), Ты­нышбаев Мұхамеджан (тарих), Жұмабаев Мағжан (педаго­гика), Ғалымжанов Файзулла (таби­ғаттану) және басқа оқы­тушылардың аты-жөнін кез­дестіруге болады.1923-1924 оқу жылында Қазақ ағарту институтында 259 адам білім алды. Дегенмен, Қазақ автономиялық республикасының мұғалім кадр­ларға сұранысын Қазақ ағарту институты қанағаттандыра алған жоқ. Осы жағдайды ескере отырып Қазақ үкіметі 1925 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариа­ты алдында Қазақстанда жоғары оқу орнын ашу туралы мәселе қоя­ды да, оның келісімін алған соң, Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесі 1926 жылдың 15 тамызынан бастап Ташкент қаласында «Қазақ Жоғары Педагогикалық институты» деген атпен қазақ жоғары оқу орнын ашу туралы шешім қабылдайды.

Ташкент қаласында ұйымдас­тырылған алғашқы жоғары оқу орнының ашылу салтанаты 1926 жылы 29 қазанда өтеді. Осы ша­­ра­ға байланысты сол кез­де­гі республика астанасы Қы­зыл­ор­дадан арнайы барған Оқу-ағар­ту комиссары, яғни, бүгінгі тіл­мен айтқанда білім министрі Смағұл Сәдуақасұлы өз сөзінде: «Әри­не, бізге әртүрлі мамандық ие­лері қажет. Біз агрономдарға да, дәрігерлерге де, инженерлерге де және басқа қызметкерлерге мұқ­тажбыз. Дегенмен, қазіргі уақытта қазақ еңбекшілері бірінші кезекте­ педагогтарға мұқтаж» деген тұ­жырымы арқылы ашылып отыр­­ған оқу орнының басқа емес, неге педагогикалық бағыт ал­­­ған­­­дығына нанымды түсінік бер­­ген еді.

Қазақ педагогикалық институ­тының уақытша Ережесінде «Институт жоғары педагогикалық оқу орны болып табылады» деп көр­сетіліп, ал оның міндеті «а) 2-сатылы қазақ мектептері мен техникумдарға оқытушылар даяр­лау; б) ғылыми-методикалық мә­селелерді шешу, педагогика және өлкетану салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйым­дастыру», сондай-ақ, «в) Қазақ Автономиялық ССР еңбек­ші бұқарасы арасында ғылым же­тіс­тіктерін тарату» екендігі ай­тылды.

Ережеде, сондай-ақ, Қазақ пе­­­да­гогикалық институты­на­ РСФСР педагогикалық жоға­ры оқу орындарына тиесілі құ­қық пен штаттық кестенің та­рай­тындығы, ал оқу жоспары мен бағ­дарламаларды анықтауда РСФСР педагогикалық институт­тары үшін белгіленген оқу жос­пары мен бағдарламаларды басшы­лыққа алатындығы (жергілікті ерекшеліктерді ескеру және оларды енгізу арқылы) міндеттелді.

Ал осы алғашқы жоғары оқу ор­ны неге ұлттық сипат алуға тиіс болды? Осы сауалға жауап­ берген жөн. Ол институтты ұйым­­­дастырудағы басты міндет­тен,­ яғни, жоғары оқу ошағы ар­­қы­лы қазақ халқын өз ана тілін­де әлемдік мәдени кеңістікке шы­ғару әрекетінен туындап жатты. Осы қойылған міндетке байланысты институт жұмысына, он­дағы оқу процесін жүргізу ісіне кеше ғана ұстанған көзқарас ерек­шелігіне қарамастан, бүкіл алаш­тық белсенді буын тартыл­ды. Өйткені бұл шара мемлекет, қоғам алдында тұрған мін­детке толық үйлесімді қадам еді. Өкі­нішке қарай, көп ұзамай совет би­лігі бұл ұстанымынан бас тарт­ты. Алаштық зиялылар 1925 жыл­дан бастап оқу-ағарту ісінен шет­тетіле бастады. Бұл жағдай білім жүйесінің гумандық, ұлттық маз­мұнына әсер етпей қоймайтын еді. «Түрі ұлттық, мазмұны ин­тер­националдық» қағидасы ба­сымдық алуға тиіс болды.

Институт ректоры Т.Жүрге­нов жылдық есебінде «жыл өт­се де ұлттық жоғары оқу орнын құру ісі аяқталған жоқ» де­­ген ойды білдіріп, бұл ойын не­гіз­деуді ұмытпаған еді. Рек­тор­дың пікірінше жоғары оқу орны қашан және қандай жағ­дайда өз міндетін атқара алады? Ондай мүмкіндікке жоғары оқу орны институт қабырғасында жүргізілетін пәндер түгелдей жергілікті қазақ халқының тіліне көшірілгенде, яғни, білім жолына түс­кен қазақ баласы бастауыш және орта мектепті ғана емес, сон­дай-ақ жоғары білімді де өз ана тілінде алып, (біртұтас жүйе ре­тінде) табиғат және қоғамдық қатынастар сырын ашып, тү­сінуге көмектесетін әлемдік ғы­­лымды өз ана тілінде игеру мүм­кін екендігіне толық көзі жеткенде ғана ұлттық жоғары оқу орны қалыптасты деп айтуға болатындығына баса назар аударды. Ал әзірге, мақсатқа бет бұрып, сол жолға енді ғана шықтық деген тұжырымға келеді. Басқаша айтқанда, бұл тарихи кезеңнің ерек­шелігі енді ғана қалыптаса бастаған мектеп жұмысын жер­гіліктендіру, яғни оған ұлттық түр­ ғана емес, ең негізгі нәрсе – ұлт­тық мазмұн да беру еді. Бұл өзін Ахмет Байтұрсынұлының шә­кірті санаған, Темірбек Қа­ра­ұлы Жүргеновтің жасаған тұ­жырымы еді.

Өз ретіне қарай айта кеткен арт­ық емес, 1937 жылы абақтыға та­ғы да жабылған Ахаң қиналған бір сәтінде жұмыс сұрап, Жүрге­новтің қабылдауында болғанын, оның комиссариаттың көмегі деп үш жүз сом ұстатқанын қа­да­лып сұраған тергеушіге ай­туға мәжбүр болады. Осындай қиын сәттерде ел азаматтары бі­рі-біріне қолұшын беруді де ұмытпаған еді.

Т.Жүргеновтің мәселені осын­­­­­­дай тұрғыдан қоюының тағы да­­ бір мынадай сыры бар-тын. Жа­ңа биліктің алғашқы жылдары бас­тауыш мектептерде оқу қазақ тілінде, ал орта білім беретін мек­тептерде сабақ орыс тілінде жүр­гізілді. Ол, әрине, ең алдымен мұғалім кадрлардың және қа­зақ тіліндегі оқу құралдарының же­тіспеуіне байланысты еді. Со­ған байланысты қазақ жастары ор­та оқу орындарының даярлау бөлімінен өтуге мәжбүр болды және ол айтылған қажеттіліктен ту­ған шара еді. Сол сияқты, жо­ғары білімге қол жеткізу де орыс тілін меңгеруге тәуелді болды. Халық комиссариаты осы жағ­дайды ескеріп, білім жүйесін бү­тіндей қазақ тіліне көшіру тез ара­да орындала қоятын нәрсе емес, сатылап атқарылатын іс деп қа­рас­тырды.

Алғашқы қазақ жоғары оқу ор­нын ұйымдастырушылардың тү­сінігінде ол жоғары білімді пе­дагог кадрлар даярлайтын оқу ор­ны болумен қатар қоғамда ғы­лыми ізденістерді өрістететін ғы­лыми орталыққа айналуға тиіс еді. Яғни олар ғылыми із­деністер мен жобалар оқу про­цесімен қатар жүргенде ғана нә­тижелі болмақ деп түсінді. Ма­қсат еуропалық ғылым мен бі­лімнің жетістіктерін қазақтың қа­лың бұқарасына жеткізу еді. Осы тұрғыдан келгенде қазақ жо­ғары оқу орнының бірден-бір мін­деті қарқынды түрде ғылыми тер­минологиямен жұмыс жасай ала­тын, жоғары және орта оқу орын­дары үшін қазақ тілінде оқу­лықтар мен оқу құралдарын даяр­лауға қабілетті педагог кадрлар қалыптастыру болды.

Алғашқы ұлттық жоғары оқу­ орнына жүктелген осы мін­дет­ке байланысты оның негі­зін­ қалаушылардың бірі Х.Досмұ­хамедұлы мынадай ой білдірді: «Қазақ тілінде бұған дейін Ахмет­тің (А.Байтұрсынұлы – М.Қ.) «Тіл құралынан» басқа ешбір ғылым жайында жазылған кітап болмады. Алдымызда үлгі болмаған соң, ­ғылым кітабын жазу өте қиын болды. Ғылым атаулары­на лайықты ат қою алғашқы уа­қыт­та тым мұқтаж, бүтін ілгері бо­лашаққа жол салатын нәрсе, сон­дықтан алғашқы жазылған кітап­тарды әсем қылып, сөздің жүйе­сін келтіріп жазудан көрі, ғы­лым атауларына лайықты атақ та­ғу жағын қарастыру керегірек дей­міз». Айтылған сөзін іс жүзі­не асыра отырып Халекең «Та­биғаттану», «Жануарлар» сынды қазақ мектебі үшін жазылған оқу­лықтарын өмірге әкелді.

Қазақ тілінде балама терминдер қалыптастыру ісінде пед­­­инс­титуттың жетекші оқы­тушыларының қатарында болған Елдос Омарұлы өзі даярлаған геометрия оқулығын – пішіндеме, три­гонометрияны кескіндеме деп аударды. Ал оның «Пішіндеме» оқу­лығында теорема – түйін, бис­сектриса – жарма, радиус – өре, хорда – керме, параллелограмм – қиықша, пропорционал – құ­рылымдас, фигура – пішін, тра­пеция – қостабан деп аталып, қазаққа өте түсінікті тілде жа­зылды.

Жоғары білімді маман­дар даяр­лау ісі елдегі мемлекет­тік­ бас­­қару аппаратын жергі­лік­тен­діру үр­дісіне байланыс­ты жүр­ді. Бұ­рынғы уақытта мем­лекет­тік басқару ісінен шет­­тетілген қазақ қоғамы үшін­ өз жоғары оқу орны болуы аса маңызды қажеттілік-тін­. Бо­ла­шақта ол біртіндеп ел­­дің іш­кі сұраныстары мен ерек­ше­ліктеріне бейімделіп, олар­ды­ қанағаттандыра алатындай дәре­жеге көтерілуге тиіс бол­ды.

1926 жылы тамызда пединс­титут студенттерінің саны 338 адамға жетті. Дегенмен, бұл көр­­сеткіш Қазақстан сияқ­ты одақ құрамындағы үлкен рес­пуб­ликаның өскелең сұранысын қанағаттандыра алмады. Оның үстіне жаңа ашылған институттың қазақ жерінен тыс өңірде орна­ласуы түрлі қолайсыздықтар ту­­ғызған еді. Осы жылдары Қа­­зақ педагогикалық институ­тында мұғалімдік қызметте жүр­ген Елдес Омарұлы Орта­азия­лық мемлекеттік уни­вер­ситеті тарапынан қазақ пед­инс­титутын ығыстыру әре­кеті бай­қалғандығын, ал қазақ қыз­мет­керлері өз ретінде Қазақстан үшін жалғыз жоғары оқу орнын сақтап қалуға мүдделілік танытқандығын ескертеді.

1927 жылы 23 наурызда Қазақ АКСР-нің Халық комиссарлар ке­ңесі республикада жоғары оқу орнын – ҚазМУ-ды ұйымдастыру туралы мәселені талқылап, Ха­лық Ағарту комиссиариатына Таш­кенттегі Қазпедвузды университет ретінде қайта ұйымдастыру мүм­кіндігін, сондай-ақ, бір ай мерзімде Қазпедвузды Таш­кент­тен Алматыға көшіру мә­се­лесін қарастыруды, осы мақ­сатта Жетісу губерниялық ат­қару комитетімен универси­тет орналасатын қажетті ғима­раттарды анықтау туралы ке­ліс­­сөз жүргізуді, Қазпедвуз үшін профессор-оқытушылық құ­рамын жасақтау және оларды жұ­мысқа тартудың шұғыл шаруала­рын қолға алуды тапсырады.

Алматы қаласында универ­ситет мәртебесін алған оқу орны­ның ашылу салтанаты 1928 жы­лы 1 қазанда өтеді де, оның ашы­лу салтанатында сөйлеуге қазақ­тың ұлы ғалымы және мемлекет қайраткері, қоғамда қазақ ағар­тушылығының басшысы ре­тінде мойындалған Ахмет Бай­тұрсынұлы шақырылады. А.Байтұрсынұлы өз сөзінде білім мен ғылымның қазақ сияқты ел­дің тағдырында алатын орнына тоқталады, яғни, ұлтты басқа жұрт­қа тәуелділіктен құтқаратын, оны басқа мәдениеттермен тең ете ала­тын жалғыз жол ол мәдениет, білім мен ғылым жолы екендігін атап көрсетеді.

1928 жылы 10 қазанда Санжар Жа­ғыпар­ұлы Асфендияровтың ҚазМУ-дың ректоры қызметін атқаруға ресми түрде кіріскендігі туралы бұйрық және педагогика факультетінің бірінші курсына қабылданған студенттердің ал­ғашқы тобының тізімі жариялана­ды. Осылай Қазақ топырағында ашыл­ған алғашқы жоғары оқу ор­ны өзінің бірінші оқу жылын 119 студент және оларға дәріс бе­ретін 9 оқытушы-профессорлар құ­рамында өз жұмысын бастап кет­кен еді.

1930 жылы университет құ­ра­мында ашылуға тиіс болып бел­гіленген ауылшаруашылық және дәрігерлік факультеттері өз алдына бөлек жоғары оқу орын­дары ретінде қалыптасуына бай­ланысты университеттің аты өз­гертіліп, Қазақ мемлекеттік пе­­да­гогикалық институты аталынды. 1935 жылы институтқа ұлы ойшыл, ақын Абай Құнан­байұлының есімі берілді.

Сонымен еліміздегі алғашқы жо­ғары оқу орнының тарихын­ Қазақ педагогикалық инсти­тутынан бастап, ал оның Қазақ­стан жеріне көшіріліп, өз қыз­ме­тін Алматы қаласында жүр­гізгеніне тоқсан жыл толды деп тұжырымдағанымыз тарихи шындыққа үйлесімді болмақ.

Бүгінгі уақытта Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті елімізде педагог кадр­лар даярлау ісінде ерекше мәртебеге ие жетекші жоғары оқу орны ретінде мойындалған. Білім берудің жаңа жүйесіне көшкен (бакалавриат-магистратура-докторантура) оқу орнында 157 ғылым докторы, профессорлар, 369 ғылым кандидаты, доценттер, (оның ішінде 25 РһD ғылым докторы), 121 ғылым магистрлері жұмыс жасайды. Университет 2017 жылы алғаш рет әлем университетінің ТОП-500 қатарына және QS World University Ranking рейтингінде әлемнің үздік 491 университетінің қатарына енді.

Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің 90 жылдығы қазақ жерінде тамыр жайған алғашқы жоғары оқу орны ретінде бүкіл республика жұрты үшін аса маңызды оқиға ретінде аталуға лайық.

 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор