• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Ақпан, 2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-ден бастап келесі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды:

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (ЭКОойл жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

Аталған автожолдың 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы). Жабық жолдар Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды:   Қызылорда облысы «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1912 шақырымы (Арал қаласы – Байгекүм ауылы); Осы жолдың 1912-2055 шақырымы (Байгекүм ауылы – Түркістан облысының шекарасы).

Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді

Түркістан облысы

Аталған автожолдың 2055-2095 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы).

Абай облысы

«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 320-528 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Баршатас ауылы); «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырымы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

Осы автожолдың 1103-1256 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).

Жамбыл облысы

«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы –Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы); «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 750-893 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы); Осы жолдың 893-955 шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 738-750 шақырымы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысының шекарасы).

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

Алматы облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 955-1121 шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Құрты ауылы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар тұс) өткелдің шеткі арқалықтарының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді. 
Соңғы жаңалықтар