• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2018

ОА мемлекеттерінің басшыларының кездесуі туралы сарапшы пікірі

533 рет
көрсетілді

Орталық Азия елдері басшыларының Астана қаласында өткен кездесуі аймақтағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды жандандыру тұрғысынан маңызды.

Көптеген жылдар бойы әртүрлі себептермен, соның ішінде саяси, кейбір ОА мемлекеттері тұрғындарының арасындағы тығыз қарым-қатынасы қиын болған. Қазір біз кедергілер біртіндеп жойылып, виза режимдері жеңілдетіліп немесе қарапайым сөзбен айтқанда елдер бір-біріне «ашылып» жатқанын көріп отырмыз.

Мемлекет басшылары сәтті сауда-саттықты жүргізу және саяси ынтымақтастықты нығайту алдында мәдениетаралық алмасуды орнату қажет екендігін түсінді.

Астанадағы кездесу аймақтық деңгейде жан-жақты байланыстарды қалпына келтіру үдерісіне қолдау көрсетіп, жаңа серпін береді.

Сонымен қатар, Қазақстан бизнестің және туристік тартымдылықтың орталығы болуға тамаша мүмкіндігін алады. Бізде заманауи қалалар бар, олар өздерінің дамыған инфрақұрылымы мен әлемдік деңгейдегі көңіл көтеру қызметтерімен аймақтың басқа елдерінің тұрғындарын қызықтырады. Бұл әлеуетті түсініп, ашылған «мүмкіндіктер терезесін» ескере отырып, барынша пайдасын алу маңызды.

Серік Бейсембаев,

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы