• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Хоккей 17 Наурыз, 2018

Астанада оқушылар арасында хоккейден жолдастық матч өтті

336 рет
көрсетілді

Кеше шайбалы хоккейден жолдастық кездесу аясында «Барыс» мұз сарайында Астана қаласы әкімдігі №10 хоккей мектебінің шәкірттері Ақкөл қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қабылдады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен хоккей матчында 2005 жылы туылған ер балалар бақ сынасты. Бір сағатқа созылған ойын 5:6 есебімен аяқталды. Жеңіс қонақтардың еншісінде.

Қазіргі кезде Астанада хоккей секциясы балалар арасында кеңінен танымал. Шайбалы хоккейден №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 5 жастан асқан балалар, қазақстандық хоккей лигасының жастары мен жасөспірімдер лигасының (ЖХЛ) командалары тәрбиеленеді. Мектеп түлектерінің отандық клубтарға мүше болу мүмкіндігі бар.