• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2018

Қазақстан Ресейдегі Президент сайлауына 203 бақылаушы жіберді

193 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясында өтіп жатқан 18 наурыз 2018 жылғы Президент сайлауына Қазақстан Республикасынан 203 байқаушы бақылау жүргізуде, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясы құрамында 136 қазақстандық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясынан - үш, сондай-ақ, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ құрамында - 39 бақылаушы бар. 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан бақылаушылар делегациясын Төраға Берік Имашев басқарады. Сонымен қатар, сайлауды бақылауға ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров, ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина және Ортсайкомның аппарат қызметкерлері қатысуда. 

Парламентаралық өзара әрекет шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті атынан 25 бақылаушы, оның ішінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан (6), ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясынан (10), ҰҚШҰ (2) және Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесінің шақыруы бойынша (7) бақылаушы жұмыс жүргізуде. 

Ресей тарапы бұл сайлауда Қазақстанның бақылаушылар саны бойынша алда келе жатқанын атап өтті.