• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2018

Қазақстан паралимдиада ойындарында жалпыкомандалық есепте 20-орынды иеленді

378 рет
көрсетілді

Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен 20-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Paralympic.org.

Бірінші орынды 13 алтын, 15 күміс және 8 қола медаль алған АҚШ иеленді. Екінші орынды Бейтарап Паралимпиада Атлеттері командасы ретінде жарысқа қатысқан ресейліктер, ал үшінші орынды Канада спортшылары алды.

Айта кетейік, шаңғы спортынан 1.5 километрлік спринт жарысына қатысқан қазақстандық Александр Колядин қашықтықты 4:19.7 минутта бағындырып, алтын медаль алған болатын.