• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2018

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

140 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.