• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Футбол 26 Наурыз, 2018

Стойлов Болгарияға қарсы шығатын ойыншылардың тізімін жариялады

345 рет
көрсетілді

Еліміздің ұлттық құрамасының бүгінгі матчта алаңға шығатын негізгі құрамын Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялады.

Бас бапкер Станимир Стойлов бүгінгі матчты мына құрамда бастайтын болыпты: Владимир Плотников – Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков – Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан – Роман Муртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко. 

Қосалқы құрам: Ненад Эрич, Александр Мокин; Дмитрий Шомко, Елдос Аxметов, Нұралы Әліп, Дмитрий Мирошниченко; Магомед Парагульгов, Юрий Перцуx, Еркебұлан Тұңғышбаев, Алексей Щеткин.

Айта кетейік, Болгария және Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу бүгін түнде, Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл матчты «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.