«Беларусь» мәдени орталығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған бес әлеуметтік бастамасын ыстық ықыласпен қабылдады. Олар шын мәнінде әлеуметтік мемлекеттің шынайы әрі сындарлы қазақстандық моделін, әлеуметтік бірлікті қалыптастыруға және ұлттың өркендеуіне бағытталған.
«Беларусь» мәдени орталығы кеңесі мүшелерінің көпшілігінің тіршілігі еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласымен біте қайнасып жатыр. Ал Президент бастамаларынан келер ұрпаққа, студент жастарға деген қамқорлығы байқалады.
Президенттің үшінші бастамасы жоғарғы білімнің қолжетімділігі мен сапасына арналған. Бұл – әлемге ортақ тренд, адам құндылығына құйылған қазына.
Осы орайда жыл сайынғы 54 мың грантқа «төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маман даярлауға мүмкіндік беретін» қосымша 20 мың гранттың бөлінетіндігі қанаттандырмай қоймайды.
Осы арқылы нанотехнология, робот-техника, ақпараттық технология салаларында мыңдаған мамандар, инженер кадрлар даярлауға мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасының білім жүйесі әлемдік көшке қосылады.
Білім саласын өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарау маңызды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы идеясы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» заңды жалғасын тапты. Көбейген тек грант емес. «Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек», деді Елбасы.
Ертеңге сенімділік арман-мақсаттарының іс жүзінде жүзеге асуына себепкер. Жастар қамқорлықты, қолдауды ұдайы сезініп келеді. Елбасы айтқандай, жаңадан салынатын студенттік жатақханалар және басқа мүмкіндіктер мемлекеттің жастарды қолдауға бағытталған қамқорлығының жалғасы болмақ.
Светлана АНАНЬЕВА, Алматы қалалық ҚХА ғылыми-сараптама тобы төрағасының орынбасары, «Беларусь мәдени орталығы» РҚБ кеңесінің мүшесі