• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2018

Марек Хальтер: Бес әлеу­мет­тік бастама өзінің өзектілігімен ерекше­ленеді

252 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің Үндеуінде көрсетілген бес әлеу­мет­тік бастама өзінің өзектілігімен ерекше­лене­ді және бұл Н.Ә.Назарбаевтың алысты болжай біле­тін көрегенділігін біл­ді­реді. Сондықтан да біз­дер қазақстандықтардың табысқа жетуіне тілектеспіз. 

­

Қазақстанды бала кезім­нен, дәлірек айтқанда, Екін­ші дүниежүзілік соғыс кезінен білемін. Бұл мемлекет дінаралық және конфессияаралық келісімі жарасқан, саяси тұрақтылығы орнықты әлемдегі санаулы ел­дің бірі саналады. Елдің өркен­деуі мен қарыштап дамуына бүгінде бір миллиардтан астам мұсылман қауымы ғана емес, әлемдік қоғамдастық пен әлем жұртшылығы қызығып отыр. Қазақстан мұндай табысқа ын­тымақ пен бірліктің, өзара сыйластықтың арқасында жет­кенін нық сеніммен айта аламын.

Француз философы Мишель Монтень «надандық өшпенділікті тудырады» деп өте дұрыс айтқан. Өз басым Қазақстан Прези­дентінің өз елінде білім алуды қол­жетімді етуге деген шынайы ықылас-ниетін толықтай қолдаймын. Себебі мемлекеттік грант санын көбейту жастардың білім алуға деген ынтасын арттырады әрі оның алатын орны ерекше. Оның үстіне бұл елдің халқы өз заманының ойшылдары әл-Фараби мен Авиценнаның бірегей құндылықтарымен сусындап өскен. Сондай-ақ мен Қазақстандағы алғашқы француз университеті – Сорбоннаны ашумен айналысқан едім.

Қазақстан міне енді тұр­ғын­дарды баспанамен қам­та­масыз етуді қолға алып отыр. Жасы­ратыны жоқ, бұл – Францияда да бар проблема. Біз Аббе Пьер қорымен бірлесе отырып өз елімізде тұрғын үй мәселесін шешуді қарасты­руда­мыз. Өйткені бұл – кезек күттірмейтін, кейінге қалдырмайтын бүгінгі күннің өзекті проблемасы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елінде бизнес бас­та­ғысы келетін мыңдаған адам­ға шағын несие беруді кеңей­туге деген ниетіне, бастамасына кез келген адам қолдау білді­ре­тініне сенімдімін. Өз кезе­гінде бұл қазақстандық қоғам­ды эконо­микалық тұрғыдан ерек­шелен­діре түседі. Менің осынау ізгі ниетті тілегім Қазақстан Президентінің жоба-жоспарын іске асыруға сеп­теседі деген ойдамын.

Марек ХАЛЬТЕР, қоғам қайраткері, құқық қорғаушы (Франция)