• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2018

Б. Айдосова: Берекенің бастауы

275 рет
көрсетілді

Ата Заңымыздың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократия­лы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады делінген. Ал Елбасымыздың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі сол қағиданың дәлелі.

Баянды болашаққа тың серпін бере­тін бұл игі бастамалар мемлекеттік бағдарламалардың жарқын жалғасы деп қабылдаймыз. Жарияланған «Бес әлеуметтік бастаманың» әрқайсысы халқымыз үшін үлкен берекенің бас­тауы. Әрбір отбасының баспаналы болуына барлық мүмкіндікті жасауға мән берілген бірінші бастамасында, ендігі кезекте үй алу үшін несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 пайыз емес, «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздық межеден аспайтын болады.

Мұндай маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банк­тер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керектігін Елбасы түсінікті болатындай етіп бағамдап берді. Ал еңбекақысы төмен қазақстандықтар­ға едәуір қолдау көрсету жағы екінші басым­дықта айтылды. Бұл да – жағымды жаңалық. 2019 жылдан бастап азаматтар жалақысының салық жүктемесі 10 есе азайтылатын болуы қуантарлық. Білім алуға қолжетімділікті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық үшінші басымдықта жария етілді. 2018-2019 оқу жылында студенттерге арналған гранттардың өзі адам капиталы саласына елеулі серпін беретініне сенімдіміз. Екі жыл аралығында қазіргі жыл сайын бөлінетін 54 мың гранттың үстіне тағы 20 мыңы қосылғалы отыр. Оның 11 мыңы жаңа экономикаға қажетті техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі. Ал 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салу тапсырылды. Осылайша жатақхана тапшылығы мәселесі біржола шешілмек. Түптеп келгенде бұл маңызды шешім бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашады. Төртінші басымдықта шағын несие беруді көбейтудің тетіктері де жан-жақты қарастырылды.

Мемлекет басшысы шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді жүктеді. Нәтижесінде, несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны был­тырғыдан 2 есе артып, 14 мыңға жетіп, ауылдағы кәсіпкерліктің көкжиегі кеңе­йеді. Өңірлерге газ тарту мәселесі бесінші басымдықта барынша қамтылды. Бұл орайда Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыру керектігін тапсырды. Бұл 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, Арқаның экологиялық жағдайы­на зор ықпал ететін болады. Мемлекет басшысының жүктеген жаңа міндеттерін жауапкершілікпен сезініп, тындырымды жұмысқа ұластырайық.

 

Бақытжан АЙДОСОВА,

«Нұр Отан» партиясы Зеренді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Ақмола облысы