• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Наурыз, 2018

Батыстан Шығысқа бір күндік жалақы аударылады

394 рет
көрсетілді

«Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді-мекен тұрғындарын қолдау мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударатын болды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Глубокое аудандарының кейбір елді мекендерін су басып, Семей қаласында Ертіс өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты қауіп сейілмей тұр.

Алапат су тасқынының зардабын батысқазақстандықтар 2011 жылы бастан өткерген еді. Биыл да өңірдің солтүстік аудандарында тасқын қаупі бар. Облыс әкімі Алтай Көлгінов 25 наурызда штабтың шұғыл жиынын өткізіп, күшейтілген режимдегі жұмысқа көшкенін мәлімдеген болатын.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан