• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2018

Талдықорғанда әскери қызметкер басшысына оқ атты

253 рет
көрсетілді

Талдықорғандағы облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментте оқыс оқиға болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін сағат 8-дер шамасында басшы мен орынбасары сөзге келіспей қалып, орынбасарының оқ атқаны белгілі болды.

Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол аңшы мылтығын терезеден лақтырып жіберген. Криминалистер қаруды сараптамадан өткізіп жатыр. Аталған оқиға жайлы журналистерге ешқандай ақпарат берілмеді, бірақ мекемеден шығып, өзін əскери прокурор қызметкерімін деп таныстырған азамат оқиғаны растады.

«31 наурыз күні Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметші өз қызметтесін атты», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.