• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2018

Катонқарағайда 10 үйді су басты

395 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда тасқын толастар емес. Бұдан біраз уақыт бұрын Бұқтырмадағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты Зырян ауданының Зубовск кентінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріле бастағанын жазған едік.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті осыдан бір сағат бұрынтаратқан мәліметінде бұл елді мекеннен 55,Зырянның өзінен 66 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін, адамдардың жартысы туыстарының үйіне, жартысы эвакуация бекеттеріне орналастырылғанын, су басқан үйлер саны анықталып жатқанын хабарлады. 

Зырянмен іргелес жатқан Катонқарағай ауданының Ақсу және Барлық ауылдары да қазір айтып келмейтін апатпен арпалысуда. Бұқтырма өзенінде мұз кесектерінің жиналуынан су деңгейі көтерілген. Нәтижесінде 10 үйді су басып, 20 адам (оның 10-ы бала) қауіпсіз жерге көшірілген.   

Сонымен қатар департамент Көкпекті ауданының Самар ауылында құтқарушылар жағалауға жақын маңда тұратын тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатқанын хабарлады. Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының айтуынша, Самардан шамамен 90 үйдің 200 тұрғынын эвакуациялау қажет. Алайда тұрғындардың басым көпшілігі көшуден бас тартып отыр. Тұрғындар мектеп және Аграрлық колледж базасындағы екі эвакуация бекетіне орналастырылады. Сонымен қатар «Өскемен-Самар» автожолының 132 шақырымындаеріген қар суы тасып, 50 метрдей жерді басқан.Қазір ол жерде ТЖД, жергілікті билік және полиция жұмыс істеп жатыр.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»