• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Сәуір, 2018

Асқар Сүлейменов: Әлеуметке қамқорлық

540 рет
көрсетілді

Мемлекеттің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана шектелмейтіні белгілі. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту да даму өзегінің бірі болғандықтан, Елбасы әлеуметтік саладағы саясатты да салиқалы жүргізіп отыр.

Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, олардың өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттыру арқылы еліміздің әлеуметтік саясатын жетілдіруді көздеген Мемлекет басшысы бес әлеу­меттік бастама көтеріп, оның орын­далуын талап етуде. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда еліміздің экономикасы қарыштап дамыды, Қазақстанды әлем таныды. Экономиканы дамытып, алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарынан көріну үшін ауқымды, тиімді мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды, асырылып та жатыр.

Жалпылай алғанда, біздің әлеуметтік жағдайымыздағы жеткен жетістіктер – мемлекеттің әр қазақстандық үшін жасап отырған қамқорлығының жемісі. Жыл өткен сайын тұрмыс деңгейі­міз көтеріліп, материалдық және мәдени қажеттіліктері­міз қана­ғат­тандырылу үстінде. Олай дейтінім, қанша жерден экономикалық қиындықтар, жаһандық дағдарыстар орын алса да біздің мемлекетімізде әлеуметтік көмектер қысқарып көрген жоқ.

«Өз үйім – өлең төсегім» деген емес пе халқымыз? Жаңа отбасын құрған жастардың көбіне баспанасыз жүретініне кәдімгі өмірдің заңы сияқты етіміз өліп бара жатқандай еді. Үйі жоқ болған соң күйі болмаған отбасылардың қиындыққа шыдамай шаңырақтары шайқалып жатқанын да көріп жүрміз. Алдағы уақытта бұл қиындық та артта қалатынына сенімдімін. Нұрсұлтан Назарбаев осы Үндеуінде баспана алу үшін несие төлемінің көлемі 7 пайызға дейін төмендетілетінін айтты. 

Үндеуде жария етілген «Жалақысы төмен жұмысшы­лардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту», «Шағын несие беру­ді көбейту», «Елді газбен қамта­ма­сыз етуді жалғастыру» секілді мә­се­лелердің көтерілуі елдің әлеу­­меттік жағдайын, әр адамның тұр­мысын көтеруде маңызды.

Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ,

Алматы облыстық мәслихатының депутаты