• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2018

Маңғыстауда төтенше жағдайлар департаментінде семинар өтті

230 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде мемлекетті кқызметтегі әдептілік деңгейін көтеруге аранлған кешенді жоспардан туындайтын шараларды орындау мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілі мен облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.

Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Н.Долдашев мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының талаптарын бұзушылығының алдын алу бағытында Әдеп жөніндегі уәкілдің профилактикалық жұмыстарды жандандыруы және оның қызметін дербес негізге көшіру  туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығындағы (Pocketbook) жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық қағидалары мен олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне де тоқталып, мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстардың бірлескен қызметті атқаруы және тағы да басқа мәселелерден туындайтын мүдделер қақтығысын болғызбау қажеттігі айтылды.

 Өз кезегінде аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіріп, биыл Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен таныстырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

 Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

  «Егемен Қазақстан»

  Маңғыстау облысы