• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2018

Дүйсенғазы Мусин: Төтенше жағдайларды болжау жұмыстары жетілдіруді қажет етеді

437 рет
көрсетілді

Жергілікті атқарушы органдармен барлық қызметтердің тығыз жұмыс істеуі және төтенше жағдайларды болжау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді. Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарында болған кезінде аймақтағы тасқын суға байланысты ахуалға орай осылай деді.

Сенатор Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбековпен кездесіп, облыс тұрғындары мен елді мекендерді тасқын судан қорғау мәселелерін талқылады.

Д.Мусин ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптау-сынаудың Шығыс Қазақстан облыстық инспекторлігінде болып, Президент Н. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы туралы жан-жақты әңгіме болды.