• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

«Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты байқау жарияланды

813 рет
көрсетілді

Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа Медиамектебімен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға байқау жариялайды.

Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған.

Байқау нәтижесінде ЕО институттары (Еуропалық Парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі) мен Брюссельде медиа пулды зерделеу үшін бір апталық таныстыру тағылымдамаға қатысуға 3 жеңімпаз іріктелетін болады. Сонымен қатар жеңімпаздар Еуропалық Комиссияның күнделікті брифингтеріне қатыса алады және ішінара ЕО институттарының жұмыс механизмдерімен танысады. Сондай-ақ жеңімпаздар 2018 жыл барысында Қазмедиа Медиамектебінің тренингтері мен семинарларына (Хабар Агенттігінің Шеберханасы жобасы) қатысу мүмкіндігін алады. Тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушыға ЕО Өкілдігінің, ҚР АКМ және Қазмедиа Медиамектебінің атынан ұсыныс хат және сертификат тапсырылатын болады.

 

Конкурстық іріктеу кезеңдері:

2018 жылғы 30 сәуірге дейін өтінімдерді қабылдау (өтінімді осы жерден жүктеп алуға болады). Талапкер толтырылған өтінімді бардық қосымша файлдармен және оған сілтемелермен қоса жолдайды. Білікті қазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитеттің талапкерлерді анықтауы, тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес 2018 жылғы 18 мамырға дейін стипендияларды тағайындау. Жеңімпаздарды бекітілген бағдарлама бойынша 2018 жылғы маусымның аяғына дейін жіберу. Тағылымдаманың ұзақтығы жолды қоса есептегенде 1 апта.

Тағылымдама талапкерлерін іріктеу бойынша білікті қазылар алқасы:

Әжибаев Алан Ғазизұлы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Траян Христеа, Елші, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы    Ерлік Қаражан, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Махаббат Есен, Медиамектеп директоры, журналист, теле-радио жүргізуші Эльнара Байназарова, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы