• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

Солтүстік Қазақстан әкімі АҚШ елшісінің орынбасарымен кездесті

260 рет
көрсетілді

АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Джон Марк Поммершайм Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов пен Джон Марк Поммершайм арасында өткен кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қарышты қадамдары жан-жақты әңгімеленді. Құмар Іргебайұлы өз сөзінде Елбасының АҚШ-қа жасаған тарихи сапары екі елдің қарым-қатынасына ерекше серпін бергенін атап өтті. Қазір елімізде 300 американдық компания жұмыс істейді, олар экономикаға 50 миллиард доллар инвестиция құйған.

«Біздің өңір әзірше американдық компаниялармен тікелей жұмыс істей қойған жоқ.і. Десек те  АҚШ компанияларымен байланыс орнатамыз деген үміттеміз. Әсіресе, машина жасау саласында ұзақ мерзімді келісімдерге қол қоюға болады. Петропавлдағы 20 шақты ғимаратты инвесторларға беруге дайынбыз», деді Қ. Ақсақалов.

«АҚШ Қазақстандағы ең ірі инвестор болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында белсенді жұмыс атқарып келеміз. Маған өңілеріңіз қатты ұнады. Әсем табиғатымен қоса қолға алынып жатқан инновациялық бағдарламаар қатты қызықтырады»,  деп атап өтті Джон Марк Поммершайм.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы