• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

«Қорғас ісі»: Күдіктінің Швейцария банкінде 1,3 млн доллары анықталды

197 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстардың нәтижесінде Швейцарияның «RothschildBankZurich» банкінен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты анықтады. 

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады. Белгілі болғандай, қаржы М. Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүр. М. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет мемлекеттерде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген. Осыған байланысты прокурор швейцариялық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады.

Биыл 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды. Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды.

Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады. Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша  2,1 млн астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді. Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркіленеді.